Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен тұңғыш рет облыстың барлық аймақтарында лимон, анар, жүзім және бадам өсіру бойынша оқыту семинарлары өткізілуде. Осыған орай Меркі аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасынан құралған топ мүшелері келіп, кәсіпкерлермен кездесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қосалқы шаруашылықты тиімді пайдалану, өз аулаңдағы жер теліміңнен табыс табуға бағыттарын үйретуді мақсат тұтқан жиынды облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов жүргізді.
450-ге жуық жеке кәсіпкерлер мен кәсіп ашуға ниетті азаматтар лимон өсіру, бадам, жүзім, анар өсірудің тәсілдері мен әдістерін тыңдауға жиналды. Енді аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысында қосалқы шаруашылықты дамыту бойынша «10 сотық» пилоттық жобасын іске асыруды қолға алған болатын. Жобаның мақсаты: қосалқы шаруашылықты тиімді пайдалану, одан табыс табу, ауылдық жерлердегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін Кәсіпкерлер палатасының Жамбыл облысының ауа райы мен топырақ құрамына жайлы, жақсы өнім беретін дақылдарды зерделеп, табысы мол болатын дақылдарды таңдады. Олар: анар талын өсіру, жүзім, лимон, бадам өсірумен айналысу болып таңдалды. Бұдан басқа кәсіпкерлер палатасы ауыл тұрғындарына 50 жоба бойынша үйрету семинарлар өткізіп, дайын жобаларды іске асыруға шақыруда.
Осы семинарда Өзбекстан мемлекетінің Андижан қаласынан келген агроном - маман Машьаль Хушвакт анар өсіру мен жүзім, бадам өсірудің әдіс-тәсілдерін үйретті.
Сонымен қатар Шымкеттен келген Серғазы Бекмұратов өзінің лимон өсіру жылыжайын көрсетіп, оның сұрыптарымен таныстырды.
Жиынға келгендер қызушылық білдіріп, өз сұрақтарын қойды. Көбіне «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арықылы несие алудың жолдары, көшет алу, несиелендіру жөніндегі сұрақтар қойды. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов барлық сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Мәні мен маңызы зор басқосуды аудан әкімі Мейірхан Өмірбек қорытындылап, қосалқы шаруашылықты қолға алуға шақырды.
Пікір қалдыру