Жамбылда "Nur Otan" партиясы тұрғындар мәселесіне бей-жай қарамайды

/image/2019/08/20/crop-17_11_431x766_800x450_manj_160421-108.jpg

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Манжуов Жуалы ауданының Т.Дүйсебайұлы ауылындағы «ТАҢ» шаруа қожалығында көшпелі қабылдау өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Шаруа қожалығы аумағында өткен қабылдау, шаруашылықтың көкөніс сақтау қоймасында жалғасын тапты. Қабылдауға келген Т.Нуралиев қосымша екі мәселе көтерді. Оның біріншісі: «Халық тұтынатын ауылшаруашылығы өнімдерінің құрамында нитраттар өте көп, яғни шаруалар тарапынан ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру барысында мол өнім алу үшін минералды тыңайтқыштар берілген нормадан асыра көп қолдануын айтса, екінші мәселе бойынша Жуалы аудандық орталық ауруханасының қан талдау бөлімі бұрынғы «Туберкулезге қарсы диспансері» болған ғимаратқа көшірілінуіне наразылығын білдірді.

Мәселенің мән-жайымен танысқан партия Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Манжуов бірқатар тапсырмалар берді.

Жоғарыда көтерілген мәселе бойынша Жуалы аудандық орталық ауруханысының бас дәрігері Б.Алпысбайға арнайы хат жолданып, тиісті жауап хаты алынды. Аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Н.Ергебеков өз хатында орталық ауруханасының зертхана бөлімі 2016 жылдан бұрынғы аудандық туберкулезге қарсы диспансерінің ғимаратына ауыстырылғанын, алайда бұл ғимаратта 2010 жылдан ешқандай туберкулезге шалдыққан науқастың жатпағанын айтты. Зертхана бөлімін ауыстыратын кезде аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының келісімімен ауыстырылғанын және қазіргі таңда әр тоқсан сайын келісім шарт арқылы ақылы түрде санитарлық сараптама орталығымен зертхана бөлімінен сынама алып, эпидемиологиялық жағдайын тұрақты бақылап отыратын жеткізді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Б.К. Жарқынбековке ауылшарушалығы дақылдарына берілетін минералды тыңайтқыштарды базардан, қолдан алынумен шектеу қою туралы арнайы хат жолданды.

Жиында аталған мәселелердің орындалуы алдағы уақытта да Партияның бақылауында болатыны айтылды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар