Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

/image/2019/08/20/crop-5_10_332x590_a7215935409bcfb78183ff309bd54428_l.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Нұрымбетов бұған дейін Кәсіподақтар федерациясы жетекшісінің бірінші орынбасары болған.  Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметтерін де атқарған. 

Жыл басында  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне басшылыққа келеген Бердібек Сапарбаев болса 20 тамызда премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар