Қазақстанда жолаушылар пойызында темекі шегуге тыйым салынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ атқарушы директоры Едіге Мыхановтың айтуынша, пойыздарда темекі шегуге тыйым салу туралы заң бұрын күшіне енген. Енді жолаушылар пойызда темекі шеккендерге шағымдана алады дейді.
"Жолаушы темекінің иісін сезген жағдайда ол белгілі бір нөмірлер бойынша шағымдана алады. Мысалы, "Тальго" пойыздарында иіс берден сіңіп қалады. Біз мұнымен күресеміз", - дейді Едіге Мыханов.
Мыханов заң бұзылған жағдайда пойызда әкімшілік хаттама толтырылатынын ескертті. Заңбұзушыға 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Пікір қалдыру