Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

/image/2019/08/22/crop-191_149_682x910_whatsapp-image-2019-08-22-at-14.41.52-1.jpeg

1 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін "Жасыл ел" жасағы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ, 25-тен астам экологиялық акция ұйымдастырып, облыс аумағынан 180 текше метр қоқыс шығарған, содай-ақ, 9 000-нан астам ағашты суарып ретке келтірді, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында 2 000-нан астам сарбаз қала мен облыс аудандарының аумағындағы 1467 гектар жерді тазалады. Бұдан бөлек, күзгі маусымда "Жасыл ел" сарбаздары мұнайлы өлкені көгалдандыру бойынша кең ауқымды жұмыстарды жоспарлап отыр.

– "Жасыл ел" жасағы 1 маусымнан 31 қазанға дейін жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта жастар елдімекендерді абаттандыру, жасыл желектерді күту, суару бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Барлығы 2 200 сарбаз бар, олардың 199-і күзгі маусымда жұмыс жасайтын болады. Жастар көшеттерді отырғызу бойынша еңбек етеді, – дейді "Жасыл ел" жастар еңбек жасағының басшысы Абылай Құрметұлы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар