Өзбекстандағы өкілетті елші Бөрібай Жексенбин орнын босата ма?

/uploads/thumbnail/20170708182357521_small.jpg

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге тағайындаулар жасады. Атап айтар болсақ, Қазақстанның шетелдегі елшілер қосыны үш фигурамен толықты. Бұл туралы «Қамшы» порталы  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Сонымен, Президент жарлығымен А.Бердібай Ирак, Ливан және Палестина Республикаларындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ал,  осыған дейін Қазақстанның  Израильдегі төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарып келген Д.Қуанышбаев мырза енді Кипр Республикасында елшілік қызмет атқаратын болды. Сондай-ақ,  Президент Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша Қазақстанның Үндістандағы өкілетті елшісі қосымша Шри-Ланка Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқаратын болады. ҚР Президентінің жарлығы бойынша елшілер қосынына бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді аталмыш елдер мен Қазақстанның арасындағы байланыс артатынына сенім білдіреміз. Алайда, соңғы уақытта қазақ қоғамында көп талқыға түскен тағы бір даулы мәселе – қазақ-өзбек шекарасындағы келеңсіз жағдайлар. Кейбір дереккөздеріне сүйенер болсақ,  Қазақстан мен Өзбекстан Республикасы шекарасында өзбек сарбаздарының қолынан 33 қазақстандық азамат қаза тапқан. Соның бірі, күні кеше ғана шекаралық аймақтағы Қазақстанға тиесілі территорияда жүрген екі бірдей қазақстандыққа өзбек шекара қызметкерлері  қарсы оқ атып, салдарынан бірі қаза тапқан, ал екіншісі психикалық күйзеліске ұшыраған. Бұл туралы қазақстандық БАҚ аз жазбады. Ең болмағанда, адамгершілік қағидаларын ескеріп, өзбектің өкілетті елшісі қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтып, жағдай сұрауға жарамағаны ойландырады. Елдестірмек елшіден емес пе еді?.. Осындай орынсыз жағдайларды ескере келе, ҚР Президенті елшілер қосынын жаңартып жатқанда, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы өкілетті елшісін ауыстыра  ма деген заңды сұрақ туындайтыны ақиқат. Екі-ел арасында  түрлі жағдайларда өзбек шекарашыларының қолынан қаза тапқан азаматтардың  сұрауын қазақ елші Бөрібай Жексенбин мырза неге сұрамайды?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар