2019 жылдың 25 тамызында Алматы қаласының Медеу ауданында 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта жүздеген алматылықтардың қатысуымен ашық аспан астындағы "ФИТНЕС-ПАРК-МЕДЕУ" жаппай таңертеңгілік дене-шынықтыру шарасы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Халықты тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен таңертеңгілік жаппай жаттығуға 6 жастан бастап 85 жасқа дейінгі қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Спорттық шара қатысушылары алдымен армреслинг, йога, джампинг, кроссфит, джиуджитсу, бокс сынды спорт түрлерінен ұйымдастырылған кәсіби спортшылардың шеберлік сыныптарына қатысты. Шараға Бразилиядан келген арнайы қонақ джиуджитсу бойынша әлем чемпионы, Бразилия чемпионы, қара белбеу иегері Эрикли Сильва қатысып, жас спортшыларға ережесіз жекпе-жектің қыр-сырын үйретті.
Шара соңы арнайы шақырылған жаттықтырушылардың жетекшілігімен бір мезетте жасалған таңертеңгілік жаттығуға ұласты. .
Белсенді қатысушыларға қаламыздың "FIGHT CLUB KZ", "Adrenaline", "IDOL", "Аура" Йога жаттығу залдарына тегін жолдамалар таратылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша шара өз жалғасын табады, келесі ашық аспан астындағы таңертеңгілік жаттығу 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы "Спартак" стадионында өтеді.
Пікір қалдыру