"Бұл бір кетпейтін кесел, бітпейтін былық болды"

/image/2019/08/29/crop-13_28_282x502_1537795594_651e78fd9f0d4dcd4139d2cbdb0071f9.jpg

Оқулықтардағы ағаттықтар туралы бұған дейін бірнеше рет мәселе көтергенбіз. Енді осы мәселеге қайта оралуға тура келіп тұр.

Бұған Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған жаңа оқулықтағы өрескел қателер себеп болды.

Биылғы 13 тамыздағы Үкімет отырысында БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов "1 қыркүйектен бастап, оқушылар мен ата-аналар электронды оқулықтарды Білім және ғылым министрлігінің сайтынан жүктеп ала алатынын" мәлімдегені есте. Уәде етілгендей, олар қазір сонда тұр.

Оқулықтарды қарап отырып, оларда жолыққан жөнсіздіктер жанға батып, жігерімді құм қылды. Бұл бір кетпейтін кесел, бітпейтін былық болды.

Әңгіме Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі пәнінің оқулығы – "Smiles 1 Pupil's Book for Kazakhstan Grade 1" (Jenny Dooley, Virginia Evans, аударған Н.Мұхамеджанова) туралы болып отыр.

Мәселен, түстер бөлімінде "blue" орысша "голубой" деп берілсе, қазақша "көк" деп аударылған. Дұрысы, әрине, "көгілдір".

"Pink" орысша "розовый" делінсе, мемлекеттік тілде "ал қызыл" деп көрсетіліпті. Дұрысы, бұл – сөз тіркесі емес, бір сөз, бірге жазылады.

Бұрыс жазу сандар бөлімінде де байқалады. Мәселен, "three" қазақшасы "уш" деп беріліпті.

 re

"Table" қазақшасы "устел" екен.

"Big" дегеніміз "улкен" көрінеді.

"Ү" әрпінің неліктен ұнамай қалғаны, оған не себептен қырғидай тиіп, жөнсіз алмастырғаны түсініксіз.

hcg

Бір қызығы, "Chicken" "таүық" болып, "у" әрпі негізсіз "ү"-ге өзгертілген.

Сорақы тәржіма мұнымен бітпейді. "Doll" немесе "кукланың" қазақшасы қалай деп ойлайсыз? Білетін боларсыз. Ал мына оқулық кесірінен балаларымызға оны мектепте "қуыршық" деп үйретеді.  

ugh

Қазақ тілінің үндестік заңдылығына, тілдің фонологиялық ерекшеліктеріне сай "машинаны" "мәшине" деп жазу 2017 жылы қабылданған болатын. Бұл термин А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне кірді және өзге оқулықтарда жаппай қолданылуда. Бірақ ағылшын тілі пәнін әзірлеушілер жаңалық тауып, оны "мәшіне" деп аударыпты.

Атап өту керек, орысша аудармаларының жазылуында бірде-бір қате жоқ.

Жауапты тұлғалар, оқулықты әзірлеушілер, олардың үстінен қараушылар бірінші кезекте орыс және ағылшын тіліндегі нұсқаларының дұрыс болуына баса мән бергенге ұқсайды.

Ал мемлекеттік тілдегі нұсқасы "әйтеуір бар болса болды" деген немқұрайдылықтың құрбаны болған сыңайлы.

Мұндай оқулықтар сауаттандыру орнына, сауатсыз ұрпақ қалыптастыруға, мемлекеттік тілді өрістетуге емес, өмірем қаптыруға ықпал етпек!

Оқулықта басқа да ақылға қонбас дүниелер бар. Мәселен, онда Қазақстан туы көрсетіліп, қасына "Алдар көсенің дөңгелек жүзі және қысық көзі болған" деп ағылшынша жазылған. Алдар көсенің кім екенін білмейтін, тек көк тудың қазақтарға қатысы барлығын түсінетін қазіргі балаларға бұл мәлімет нендей ұлағат-өнеге береді?

zdtg

2016 жылдан бері қолданылып келе жатқан бұл оқулықта ескі ақпараттар жүр. Мәселен, ағылшын тілінде "Бұл – менің елім Қазақстан. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев" делінген.

Немесе: "Бұл – Астана. Ол Қазақстанның астанасы" дейді.

Бұл айтылғанды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов назарға алар, қателерді түзер деген ойдамын!

Бақытбек Смағұл

Фейсбук парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар