Қаржы министрлігі 2020 жылдың қаңтарынан жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшерін мөлшерін өзгертпек. Сондай-ақ ең төменгі күн көріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш шамасы да өспек, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзгерістер "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына енгізілген.
"2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері – 42,5 мың, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 16 839 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 38 636 теңге, айлық есептік көрсеткіш – 2651 теңге, ең төменгі күн көріс деңгейі – 31 183 теңге болып белгіленсін" – делінген құжатта.
Пікір қалдыру