Бюджеттің ашықтығы бақылауда болады

/image/2019/09/02/crop-11_11_348x620_pi-budg-kk.jpg

ҚР Президенттің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасының бірі ретінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігін атап, жемқорлықпен күресте күштік шаралар аздық ететін айтқан болатын. Бұл ретте, Жамбыл облысында ашық бюджеттердің интерактивті картасы жобасы іске асырылу көзделіп отыр. Ашық бюджеттің интерактивті картасы алғаш рет халыққа бюджеттік шығындар туралы маңызды мәліметтерді қол жетімді және түсінікті етті және қоғамдық бақылаудың тиімді механизмін құрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді. Карта мердігерлер, бөлінген қаржы, құрылыстың мерзімі, кепілді міндеттемелер, құрылыстың егжей-тегжейін, асфальт төсемінің қалыңдығы туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген адам осы процесстерді тәулік бойы бақылай алады, оларды құжаттамамен тексеріп, сәйкессіздіктер туындаған жағдайда тиісті фотолар мен бейнематериалдарды тіркей отырып, мемлекеттік органға хабарлай алады. Түскен арыз шағымдар бойынша тиісті мемлекеттік орган жауап береді, ал егер арыз-шағымдардың ішінде сыбайластық элементтері болған жағдайда біздің орган назарға алып Заңнамамен белгіленген тәртіппен жұмыстар жасайтын болады.

Сондай-ақ, облыс көлемінде бизнеске әкімшілік қысымды төмендету шаралары да назардан тыс қалып жатқан жоқ.

«Protecting Business and Investments» жобасы аясында 21 инвестормен жалпы сомасы 363 936 600 000 теңге кұрайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімге отырып, кәсіпкерлер палатасымен бірлесе 17 компанияның заңды құқықтары қорғалды. Айтарлығы инвесторларға қандай да бір әкімшілік кедергі туындаса, Департаменттің міндеті оған дер кезінде қолдау көрсетіп, заңнамамен көзделген тәртіпте шешу болып табылады.

Сонымен қатар, Жоба аясында ағымдағы жылдың 30 шілдесінде инвесторлар және кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылып бизнеске қолдау мәселері түсіндірілсе, ал 20 тамызда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді болдырмау тақырыбында аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар