Жамбылда "Taraz Gid" жастар туристік слеты өтті

/image/2019/09/02/crop-56_15_535x950_69277454_381169119463688_8233072794110693061_n.jpg

Жамбыл облысында «Taraz Gid» атауымен жастар туристік слеты өтті. Жамбыл орблысы әкімдігінің Туризм басқармасы бастамашы болған шараға «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы мен Тараз қалалық жастар ресурстық орталығы, «Жамбыл облысының альпинизм, радиобағдарлау және спорттық туризм федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Отан И.» туроператор қолдау білдірді.

Шара Жамбыл облысы мен Тараз қаласында ішкі жастар туризмін дамыту, бірыңғай туристік жастар клубын құру, авторлық турларды «TripAdvisor», «Indy-Guide», «Viator» «Private Guide» сынды халықаралық туристік платформаларда дамыту, Туризм сарапшыларының өзара ақпарат және тәжірибе алмасуы және жастарды туризм саласындағы кәсіпкерлікке баулу және ынталандыруды мақсат етті.

Жастар слетына аймақтағы жоғары оқу орындарының және облыс колледждерінің студенттері қатысты. Сонымен бірге, еліміздің әр аймағынан келген экскурсаводтар, шетел саяхатшылары мен блогерлері, сондай-ақ мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен ел және алыс-жақын шетелдің түрлі туристік мекемелері атсалысты.

Екі күнге созылған туристік слеттың алғашқы бөлігі Тараз қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Коворгинг залында өтті. Мұнда Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова форумды салтанатты ашып, қонақтарды облыстағы туризм саласының әлеуетімен таныстырды.

Жиында ел және шетел саяхатшылары өз ойларымен бөлісіп, туризмді дамыту тұрғысындағы ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, «Тараз Туризм» мекемесінің директоры Ұ. Жолдықұлұлы Тараз қаласындағы туристік маршруттарды таныстырса, Франциядан арнайы келген саяхатшылар Әулиеата аймағын аралауда алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.

Қатысушылар шара соңында ортағасырлық Төрткүл керуен сарайын аралап, қазақ халқының дәстүрі мен ұлттық тағам, ұлттық спорт сынды құндылықтарынан хабардар болды.

Слеттың екінші күні қатысушыларэкологиялық тур өткізді. Жуалы ауданында орналасқан Берікқара шатқалына аттанған студенттер алдымен таулы жердегі қауіпсіздік техникасымен танысты. Одан соң тауға өрмелеудің практикалық жаттығуларына кірісті. Қатысушылар шөпті шатқалдармен жүру техникасын да меңгеріп, таулы жерді бағдарлаудан да сабақтар алды. Шара соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар