Тілсіз жаудың алдына алу және онымен күрес – Төтенше жағдайлар департаментінің басты міндеттерінің бірі. Десе де, түрлі факторлардың себебінен өртті болдырмау мүмкін болар емес. Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде Жамбыл облысының аумағында 467 өрт тіркелді. Онда 3 адам қаза болып және 3 адам әртүрлі дәрежедегі күйік алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тіркелген өрттердің салдарынан материалдық шығын 76 млн. 780 мың теңгені құрады. 2018 жылмен салыстырғанда өрт саны 3 пайызға өсті, бірақ материалдық шығыны 40 пайызға, адам өлімі 3 есеге, ал жарақат алғандар 40 пайызға кеміді. Өрттің ең басым көпшілігі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының бақылауынан тыс объектілерде, яғни тұрғын үй секторы мен автокөлік құралдарында орын алған.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлармен 1701 шаруашылық субъектілеріне өрт техникалық тексеру жүргізілді, нәтижесінде 8551 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды: ерекше тәртіп бойынша тексеру -1060, жоспардан тыс -641.
Әкімшілік жауапкершілікке 1172 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 118 ескерту, 1054 адамға жалпы соммасы 21 млн. 30 мың 725 теңге айыппұл салынды.
Сонымен бірге, өрттің орын алуына себепші болған 271 тұлғаларға әкімішілік жаза қолданылды, оның ішінде 162 ақшалай айыппұл жалпы соммасы 1 млн. 295 мың 325 теңге және 109 ескерту.
Ауданаралық экономикалық сотқа өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылумен пайдаланып отырған 28 объектінің жұмысын тоқтату бойынша талап арыз жолдынды және олар сот шешімімен қанағаттандырылды. Алдыңғы берілген ұйғарымдаманы орындамағаны үшін 95 материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Жоғарыда аталған объектілер бойынша ведомства басшылары және жергілікті атқарушы органдар ақпараттандырылды.
2019 жылғы 26 тамызға дейін облыс аумағында далалық алқапта 1136 гектар жерде 146 жану оқиғасы тіркелген, орман қоры аумағында 11 орман өрті орын алып, аумағы 37110,16 гектарды құрады. Нәтижесінде 16 млн. 285 мың 624 теңге шығын келтірілді, сондай - ақ 577 гектар жерде 8 дала өрті орын алған, шығыны 3 млн. 560 мың теңгені құрады.
Осыған орай Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті тілсіз жаудың алдын алу және болдырмау шараларын жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Пікір қалдыру