Ағымдағы жылы Жамбыл облысында орман өртінің саны азайған. Атап айтқанда Талас ауданында 6 орман өрті тіркелді, Меркі ауданында - 3, Байзақ ауданында-2 және Мойынқұм ауданында-1 орман өрті орын алған, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда орман өртінің саны 4,4 есеге, материалдық шығын 4 есеге, ал өрт аумағы 2 есеге азайған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылмен салыстырғанда орман өрттері санының төмендеуі Талас ауданынан басқа облыстың барлық аудан аумағында байқалды, ал Талас ауданында өрт саны 3 есеге өскен.
Орман өрттері санының төмендеуі Мойынқұм ауданында 8 есеге, Меркі ауданында 3,5 есеге, Байзақ ауданында 2 есеге, Т.Рысқұлов ауданында 5 жағдайға, Жуалы ауданында 3 жағдайға, Шу ауданында 2 жағдайға және Жамбыл ауданында 1 жағдайға азайған.
Ағымдағы жылы дала алқаптарында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда дала өрттерінің саны 2 есеге, ал өрттен келген шығын 10 есеге артты.
Ағымдағы жылы барлық тіркелген 8 дала өрті астық және бидай алқаптарында болған, ал өткен жылдың осы кезеңінде астық және бидай алқаптарында өрт болған жоқ, яғни өткен жылы 4 дала өрті дала алқаптарында болған.
Ағымдағы жылы жекелеген аудандарда дәнді және бидай алқаптарында дала өрттерінің саны күрт өсті. Мәселен, Т. Рысқұлов ауданында дала өрттерінің саны 4 есеге, Жуалы ауданында және Қордай ауданында 100 пайызға артты.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы дала алқаптарында 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрт ретінде есепке алынбайтын далалық жану оқиғасының саны 17 пайызға өскені байқалады, бұл ретте отпен өткен аудан, оларды жою үшін күштер мен құралдарды жедел жұмылдыру нәтижесінде 16 пайызға азайды.
Ағымдағы жылы дала алқаптарының жану оқиғасының ең көп саны Қордай ауданында 196,5 га. жерде 32 жану оқиғасы тіркелген, Байзақ ауданында, Жуалы ауданында, Мойынқұм, Шу ауданында, Т. Рысқұлов және Шу ауданында болды.
Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тартпай дала алқаптарында орын алған жану оқиғасының 40 пайызын өз бетінше жойды.
Атап айтқанда, Байзақ ауданында аудан аумағында болған 20 дала жануының ішінен ерікті өртке қарсы құралымдар (бұдан әрі-ЕӨҚҚ) күшімен
1 дала алқаптарының жануы сөндірді, Мерке ауданында 11-нің 2-і сөндірілді, Жуалы ауданында 15-нің 6-ы сөндірілді, Т. Рыскұлов 14-тің 5 сөндірілді, ал Жамбыл ауданында барлық 10 жану оқиғасының барлығына мемлекеттік өртке қарсы қызмет күштері мен құралдары қатысты.
Пікір қалдыру