Жамбыл облысының ауылдық округтерінде жеке құрамы 2180 адамды құрайтын 171 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды, оның құрамында 34 су тасушы, 369 бірлік табиғи өрттерді сөндіруге бейімделген техника және 26 өрт сөндіру мотопомпасы бар, 2753 бірлік қатпарлар мен 78 аспалы өрт сөндіргіштер дайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ауылдық округтерде құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдардың жауынгерлік дайындағына жүргізілген тексеру барысында кейбір ауылдық округтерде құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдардың материалдық техникалық жарықталуы төмен деңгейде және олар арнайы киімдермен, өрт мотопомпасымен толық жабықталмағандығы анықталды.
Байзақ, Мойынқұм, Сарысу, Жуалы аудандарында өртті сөндіруге арналған бейімделеген техниканың саны өте аз, шамамен әр ауылда тек қана бір ғана техника және ол бұзылған жағдайда оны табиғи өртке жұмылдыруға мүмкін болмайды.
Байзақ, Жамбыл, Меркі аудандары ЕӨҚҚ аспалы (ранцевті) өрт сөндіргіштермен жабдықталмаған, сондай-ақ Байзақ, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас аудандары ЕӨҚҚ өрт мотопомпасымен қамтамасыз етілмеген.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №107 бұйрығына сәйкес тәжірбиеде ірі көлемді табиғи өртті сөндіру кезінде оларды сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдар жанар жағар маймен және тамақпен қамтамасыз етіліп отырды.
Жергілікті атқарушы органдар меншігінде табиғи өртті сөндіруге арналған бейімделген техниканың және ерікті өртке қарсы құрылымдардың жеке құрамын өрт орнына жеткізуге арналған техниканың жоқ болуына байланысты оларды жұмылдыру үшін шаруа қожалықтарымен келісім шарт жасалады, бірақ олармен қажетті кезде техниканы жұмылдыру уақытылы орындалмайды.
Ерікті өртке қарсы құрылымдардың Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 68-бабы 3-тармағына сәйкес арнайы оқу орталықтарында алғашқы дайындықтан өтпеген, яғни құрылған өртке қарсы құрылымдардың табиғи өртті сөндіру әдістерін және техника қауіпсіздігін сақтау әдістерін меңгермеген.
2016 жылы тек қана Жуалы ауданында әрбір ауылдық округтер бойынша 60 мың теңге бөлініп (жалпы 14 ауылдық округке 840 мың теңге) 280 ерікті өртке қарсы құрылымдар «Өрт сөндіруші» АҚ Жамбыл филиалынан өткен.
Өткен жылы ЕӨҚҚ мүшелерін жауынгерлік арнайы киіммен және қол асты өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдіктері 17 млн. 329 мың теңге бөлінді, ал ағымдағы жылы аудан әкімдіктері 13 млн. 413 мың теңге бөлген.
Сарысу, Меркі, Шу, Мойынқұм аудандарындағы кейбір ауалдық округтердегі арнайы киімдердің және аяқ киімдердің тозығы жеткендігіне қарамастан оларды жаңартуға қаржы қарастырмаған.
Пікір қалдыру