30-31 тамыз күндері "Сарайшық" коммуналдық базарында және "Мұнайшы" стадионында жергілікті тауар өндірушілердің дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жәрмеңкеде көкөністер мен жемістер, жұмыртқа, бал, ет және сүт өнімдері сатылды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде жұмыртқаны 23 теңгеден, картопты 90 теңгеден, пиязды 70 теңгеден алу мүмкіндігі болды. Шараға 27 жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілері қатысты.
– Барлығы 52 тонна көкөніс, 600 келі шошқа еті мен тауық еті, 1 тонна сүт және 50 келі шұжық өнімдері ұсынылды. Көкөністер мен жемістер сұранысқа ие болды, – дейді Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Даулетов.
Пікір қалдыру