Ақтау қаласында мыңға жуық адам Қазақстандағы Қытай жобаларына қарсы акция өткізген жаңаөзендіктерді қолдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Наразылыққа шыққан ақтаулықтар "Қытай зауыты салынбасын" деп талап етті. Митингке шыққандарға басу айтуға шыққан әкімдіктің қызметкерлері митингке арнайы жер берілетінін айтты.
"Митингке арнайы жер белгіленіп беріледі. Митинг өтетін жерде адамдар түрегеп тұрмауы керек. Олар далада митинг өткізсе де отыратын жер болуы тиіс. Себебі тік тұрып наразылыққа шыққан адамдар шаршайды", - деген әкімдік қызметкерінің сөзін халық соңына дейін тыңдағысы келмеді.
"Халық шаршап-шаршап бітті", "Біздің талабымыз біреу-ақ, ол - Қытай зауыты салынбасын", "Бұл - біздің жер", "Адайдың жерін таптатпаймыз",- деп шулады наразылыққа шыққандар.
Пікір қалдыру