Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды мазалаған біраз мәселенің қалай шешілетінін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала әкімі жеке парақшасында жазып өтті.
"Қаланың бірнеше «осал» аймақтарында болдым. Бұл жерлер алматылықтармен болған кездесулерде айтылған еді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы сыйымдылықтарды одорантпен толтыру кезінде төгілетін газды тазалауға арналған қосымша сүзгілер орнатты. «ГТС-2 қуатын Алматы қаласынан тыс жерге шығару» жобасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ-мен «Қайрат» стансасында жалғастырушы газ құбырын салу мәселесі пысықталуда. Осылайша ГТС-2 газ тарату пунктіне ауыстырылады. Бұл ретте одоризация жүйесі қаладан тыс жерге шығарылады.
Үлкен Алматы каналына су жіберу үшін мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші бойынша «Дорожник» ықшамауданындағы Есентай өзенінің бойында саябақ аймағын құру мүмкіндігін қарастырамыз" делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру