Дастин Порье Хабиб Нұрмағамедовпен өткен жекпе-жектен кейін көз жасына ерік берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Америкалық спортшы өзінің бұл жекпе-жекке ұзақ дайындалғанын және оның нәтижесі көңіл-күйін түсіргенін айтты.
Оның маған шабуыл жасап, мені торға итеретінін білетінмін. Бұл жекпе-жекке дайындалу барысында мен ешқандай ымыраға келмедім және өзімді толығымен босаттым. Менің UFC-дегі бүкіл мансабым осы күрес үшін болды деп сендім. Мүмкін көп нәрсені істей алар едім, бірақ мен шынымен барлығына дайын болдым. Жекпе-жектің нәтижесіне қатты өкінемін.Енді әр таңертең айнаға қараған сайын бүгінгі жекпе-жектің нәтижесін еске түсіретін боламын, - деп жылады Порье.
Пікір қалдыру