Таразда тұрғын үй скеторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

/image/2019/09/10/crop-28_15_836x1115_tarazda-ort-qauipsizdigi-1.jpg

Өрттердің ең көп саны тұрғын үй секторында болады. Мәселен, Тараз қаласы аумағында ағымдағы жылдың 9 айында 192 өрт тіркелсе, оның 105 тұрғын үй секторында орын алған. Өрттердін негізгі шығу себептері –электроқондырғыларды монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, тұрғындардың отпен абайсыздығы, пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, балалардың отпен ойнауы.

Осыған орай, «Өрт қауіпсіздігі айлығының» аясында қала Төтенше жағдайлар басқармасының, Жамбыл облысы Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі, «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының қызметкерлері және «Жібек жолы» белсенді жастары волонтерларымен бірлесе отырып, тұрғын үй секторындағы сенбілік өткізілді.

Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізудің мақсаты – халық, жұртшылық арасында өрт қауіпсіздігі ережесінің тұрмыстық, күнде қолданыстағы қарапайым талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, өрттің алдын алу, болдырмау, адам өліміне жол бермеу және тәрбиелік түсіндіру. Профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде әлеуметтік қауіп-қатер тобындағы адамдардың тұрғылықты жері бойынша рейдтер өткізілді. Олардың ішінде, халықтың аз қамтылған топтары, тұрмысы нашар отбасы, көп балалы отбасылармен жұмыстарға баса назар аударылды.

Тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындарға түсінік жұмыстары және көп пәтерлі тұрғын үйлерде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Сонымен қатар, халыққа әзірленген өрт қауіпсіздігі бойынша жаднамалар таратылды.

Әрқашан тек өрттің ғана емес, сонымен қатар, иісті газдың да үлкен қауіп төндіретінін ескере отырып, өрт немесе иісті газбен улануды болдырмас үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін орындау талаптары ескертілді. Көппәтерлі үйлердің дәліздеріне өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы ақпараттық стендтер орналастырылды. Сонымен қатар, рейд барысында қызметкерлер ата-аналардың балалардың отпен ойнауына жол бермеуін назар аударды.

Тұрғындар өрт профилактикасына оң көзбен қарап, өрт қауіпсіздігі қағидаларының нұсқауына белсене қатысты, көптеген азаматтар өрт қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар қойып, оларға білікті жауаптар алды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар