Жамбылда Мемлекет басшысының тапсырмалары орындалуда

/image/2019/09/10/crop-20_16_620x929_084032104500.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел алдына қойған міндеттерін жамбылдықтар да қолдайды. Байзақ ауданының активімен кездескен облыстық ақпараттық топ мүшелері маңызды құжатты жан-жақты талқылады.

Аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауылдық округтер әкімдері, аудан әкімдігінің бөлімдері, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары, этно-мәдени орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ел Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған идеологиялық актив жиналысына аудан әкімі Нұржан Нұржігітов модераторлық жасады.

Нұржан Молдиярұлы Президент қуатты мемлекет құрып, дамудың жаңа кезеңіне аяқ бастайтын бес міндетті ұсынғанын атап өтіп, Жолдаудан туындайтын осы міндеттерді тұрғындарға кеңінен түсіндіру мақсатында, ауданымыздың 9 елдімекенінде облыстық ақпараттық топ мүшелері жұмысын бастап кеткенін жеткізді. Сондай-ақ аталмыш басқосуға облыстық ақпараттық топ мүшелері, «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев пен облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова қатысып отырғанын айтты.

Жұмыс регламенті бекітілген соң «Жаңару» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев баяндама жасады. Қасымхан Естемесұлы баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғаш жариялаған Жолдауындағы негізгі бес міндетке жеке-жеке тоқталды. Соның ішінде, халықпен тиімді диалог орнату мәселесіне ерекше мән берді. Жергілікті тұрғындар көтеріп отырған мәселелерді зерделеп, халықпен кері байланыс орнату, атқарушы органдар жұмысының тәртібін жүйелендіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің өкімімен жергілікті атқарушы органдар жұмысының алгоритмі бекітілгенін тілге тиек етті. Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінен бірқатар мысалдар келтірді. Сонымен қатар, қазақ тілінің рөлін күшейту, үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі және халқымыздың мақтаныштары әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойларына орай, алдағы уақытта түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастыру, митингтер туралы заңнаманы жетілдіру,

қоғамдық келісімді нығайту, сыбайлас жемқорлық, интернет кеңістігінде жұмыстар жүргізу тәртібі де баяндамашының назарынан тыс қалмады.

Бұдан соң өз баяндамасын жасаған облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова Мемлекет басшысы Жолдауында көрсетілген бизнесті қолдау, туристік инфрақұрылымды дамыту бағыттарына басымдық берді. Облыс аумағында осы бағыттағы атқарылып жатқан бірқатар істерді атап өтіп, жиын модераторы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітовке бірнеше тиімді ұсыныстар жасады.

Аудан басшысы Нұржан Молдиярұлы актив жиынына қатысушыларды Президент Жолдауындағы міндеттерді бірлесе отырып, жүзеге асыруға шақырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар