Мемқызметші міндеттерін жетік білуі қажет

/image/2019/09/10/crop-15_8_447x974_memqyzmetshiler-mindeti.jpeg

Мемлекеттік қызметші өзінің функционалдық міндеттерін мінсіз орындау арқылы ел азаматтарының мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырып, өз іс-әрекетімен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау мен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда үлгі болуы тиіс.

Осыған байланысты "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы - Байзақ аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрзат Егисиновтің қатысуымен семинар - кеңес болып өтті.

Мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейту, лауазымды өкілдердің заң алдындағы жауапкершілігін сақтау керектігі туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістері туралы, сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында жұмыс сапасының нәтижесін, тиімділігін арттыру жөніндегі сұрақтарды талқылау мақсатын көздеген семинар - кеңесті аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі басшысының орынбасары Нұржан Молдабеков ашып, жүргізіп отырды.

Семинар-кеңестің барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы азаматтарды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру, мемлекеттік қызметке меритократия қағидасы бойынша тағайындау мәселелері қозғалды.

Күн тәртібіне сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мақсатында атқарылып жатқан іс-шаралар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының талаптары туралы баяндама жасалды.

Семинар-кеңеске қатысушылар қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету туралы ұсыныстарды ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы өзара пікір алмасты. Басқосу соңынан қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар алынды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар