Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласындағы медицина университетінің ректоры Ерсін Жүнісовке сөгіс берді. Бұл туралы аймақ басшысы «Нұр Отан» партиясы жергілікті филиалы Саяси кеңесінің бюро отырысында мәлім етті.
Оған Семей қаласындағы медицина университетін бітірген 79 шетелдік түлектің өз елдерінде жұмысқа орналаса алмай жүргені себеп болып отыр. Өйткені жас мамандардың дипломдарында орфографиялық қателіктер орын алған. Соның салдарынан олар медицина саласы бойынша қызмет ете алмай жүр. Осыған байланысты аймақ басшысы аталмыш университет ректоры Ерсін Жүнісовке сөгіс берді.
– Жастар шарасыздықтан нендей күйге түсті? Енді дереу осы олқылықтың орнын толтырып, дипломдарын түзетіп, қолдарына беріңдер, – деді Даниал Ахметов.
Пікір қалдыру