Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады" жейді ол фейсбуктағы парақшасында.
Қазақстан Президенті сапар аясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді. Сондай-ақ Ханчжоу қаласына барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы "Hikvision" компаниясының жұмысымен танысып, "Alibaba" компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.
Пікір қалдыру