Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды
Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді.
Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған" делінген жазбада
Пікір қалдыру