"Қазіргі таңда Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодексті одан әрі жетілдіру бойынша заң жобасы әзірленді. Оған қасақана ауыр және аса ауыр қылмыстардың жеке түрлері үшін жауапкершілікті күшейту бойынша өзгерістер енгізілді. Мәселен, біріншіден, жыныстық жуыспаушылыққа қарсы қылмыс жасағаны үшін, зорлық-зомбылық пен сексуалды сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі. Енді бұл қылмыстар айыпты ауырлататын жағдайлар болмаса да, аса ауыр қылмыстар санатына жататын болады", – деді Марат Ахметжанов.
Оның айтуынша, балаларға қатысты жасалған сексуалды сипаттағы барлық зорлық-зомбылық әрекеттер үшін жаза қатаңдайды.
"Балаларға сексауалды зорлық-зомбылық жасағаны үшін енді өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе кем дегенде 20 жылға түрмеге қамау жазасы қарастырылады", – деді Марат Ахметжанов ОКҚ брифингі барысында.
Бұған қоса, маманның мәліметінше, енді бұндай қылмысты біле тұра жасырған азаматтар да қатаң жазаланатын болады.
Пікір қалдыру