Алматыда болашақ кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті бастағандар үшін мотивациялық курстар ашылды

/image/2019/09/14/crop-35_86_297x528_13-09-19-a5.jpg

Аталған курстарда табысты кәсіпкерлер, салалық сарапшылар мен танымал бизнес-жаттықтырушылар мемлекеттік қолдау шаралары және кәсіпкерліктің негіздері туралы айтатын болады.

Мұндай алғашқы курстар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында және SmART.point коворкинг орталықта өтті. Алғашқы 700 тыңдаушылар – жұмыссыз жастар мен кәсіпкерлікті жаңадан бастағандар.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, алынған ақпарат біреулерді өз істерін ашуға ынталандырса, ал кейбіреулерді – одан әрі өсу үшін білімдерін толықтырады.

Бір ай бойына, яғни 18 қыркүйек пен 18 қазан аралығында мотивациялық курстар қаланың барлық аудандарында өтеді, жоғары оқу орындарында, лицейлерде, базарларда, аудандық әкімдіктерде тыңдаушылар алаңдары ұйымдастырылған. Барлығы жүздеген кездесулер өткізіліп, оған 80 мыңға жуық адам қатысатын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар