Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атына әлемнің түкпір-түкпірінен Қала күнімен құттықтаған хаттар келіп түсуде, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Олардың арасында бауырлас қалалардың мэрлерінен де бар. Алматы мен оның тұрғындарын төл мерекесімен құттықтаған Вильнюстің мэрі Ремигиюс Шимашюс қаланың гүлденуін тілейді.
Сондай-ақ, Росарио қаласының мэрі Моника Фэйн де алматылықтарды мерекесімен құттықтайды. Құттықтау жеделхатында ол: "Алматы бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталығы болып табылады! Біз жуырда Росарионың Алматының бауырлас қаласы болатынын мақтан етеміз" деді.
Сондай-ақ, Моника Фэйн Росарио қаласының барлық тұрғындарының атынан Алматының өркендеуіне тілектестік білдіріп, әлемнің өзге қалалары секілді қарқынды дамуын жалғастыруды тіледі.
Пікір қалдыру