Жеті азаматқа Алматы қаласының Құрметті тұрғыны атағы берілді

/image/2019/09/17/crop-23_34_297x528_15-09-19-kun8.jpg

Сондай-ақ, бірқатар азамат "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Қала күнін мерекелеу Тұңғыш Президент саябағында өтті. Биыл алғаш рет қала әкімінің ұсынысымен қала мәслихаты бірден жеті азаматқа құрметті азамат атағын берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осылайша әр сала бойынша мегаполистің дамуына үлес қосқан тұрғындардың еңбегі еленді.

Алматы қаласының Құрметті азаматы атағына "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын, әдебиеттанушы-жазушы, қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменов, балет әртісі, хореограф, мемлекеттік академиялық би театрының директоры Болат Аюханов, театр және кино актері, режиссер Юрий Померанцев, "Шипа-Дент" стоматологиялық клиникасының директоры Мүслімбай Дайырбеков және ҚР ҰҒА академигі ҚР Ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Аманжол Қошанов ие болды.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаевтың "Еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталғандардың арасында №162 мектептің химия пәнінің мұғалімі Тастан Сыдықбеков, троллейбус жүргізушісі Надежда Кириченко, Медеу аудандық полиция инспекторы Дәулет Қайратов, Astana Group-тың иесі Нұрлан Смағұлов, "Kaspi Bank" Директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким және т.б бар. Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов Алматы қаласының Құрметті азаматы атағын қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолынан алу зор мәртебе екенін тілге тиек етіп, барша қауымды бүгінгі Қала күнімен құттықтады.

"Бұл мәртебелі атақты менің қаламгерлігімді бұрыннан бағалап келген Бақытжан Сағынтаевтың қолынан алу мені екі есе қуантты", – деді Ә. Нұрпейісов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар