Ақтауда Toyota Land Cruiser автокөлігі "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ ғимаратының алдында пайда болған шұңғырға түсіп кетті, деп жазады lada.kz сайты.
Жүргізушінің жолаушыны тастап, айналмақ болғанда шұңқырға түсіп кеткені бейнекамераға түсіп қалған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті көлік жүргізушісі "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамының қызметкері екенін хабарлады.
– Брусчатка астында люк болған. Ондағы топырақ отырып, шұңқыр пайда болған. Жүргізуші оны байқамай, бұрылғанда көлік дөңгелегі шұңқырға түсіп кеткен. Ауыр салмақтан шұңқыр ұлғайып кеткен. Мәселеге қатысты жүргізуші полицияға арызбен жүгінген жоқ, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру