"Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген президент жарлығында.
Қошанов 2017 жылдың наурыз айында сол кезедегі ел президенті Назарбаевтың жарлығымен Қарағанды облысы әкімінің болып тағайындалған.
Қошановқа дейін президент әкімшілігінің жетекшісі болған Қырымбек Көшербаев Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды.
Пікір қалдыру