Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
"Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылсын", - делінген Тоқаевтың жарылығында.
Склярдың орныны индустрия және инфрақұрылымды дамыту минстрлігіне осы уақытқа дейін сыртқы істер министрі болған Бейбіт Атамқұлов келді.
Бұдан бөлек, Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болып тағайындалды.
Пікір қалдыру