Қазақстанның Сыртқы істер министрі ауысты

/image/2019/09/18/crop-13_14_590x889_72166ae7fa22a54c7a159722503ef161_xl.jpg
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрі қызметінен босатылып, осы уақытқа дейін оның орынбасары болып келген Мұхтар Тілеуберді аталған министрліктің басшысы болып тағайындалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.  
 
"Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын", - делінген Тоқаевтың жарлығында. 
 
Ал 2018 жылдың аяғында сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен сыртқы істер министрі болып тағайындалған Бейбіт Атамқұлов қазіргі президент Тоқаевтың жарлығымен индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі болып тағайындалды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар