ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 1 наурызда №511 жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні деп бекітілгені белгілі. Осыған орай, облысы ҚХА қолдауымен «Қоғамдық келісім» КММ–нің ұйымдастыруымен «Берекелі шаңырақ» атты байқау өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Жастар жылы орай түндігін түрген шара биыл семинар-тренинг фестиваль түрінде жалғасын тапты.
Фестивалдің мақсаты отбасылық құндылықтарды және рухани-адамгершілік қасиеттерді жандандыру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, этномәдени бірлестіктердің үздік жас отбасыларын анықтау және көтермелеу, жас отбасы институтын қолдау болып табылады.
Шараға жас отбасылар, жастар саясаты жөніндегі сарапшылар, республикалық және қалалық этномәдени бірлестік өкілдері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесі мүшелері және жастартар қанаты бірлестігі қатысты.
Фестиваль оқыту курсы және фестиваль-байқау бойынша екі бөлімде өтті. Бірінші бөлімде қатысушыларға «Отбасы институтының қоғамдағы рөлі» тақырыбында жастар арасында отбасылық құндылықтарды түсіндіру, отбасындағы жанжалды жағдайларды шешу бойынша практикалық құралдарды меңгеру үшін дәріс оқылды. Сондай-ақ қатысушылар аудиторияның проблемаларын анықтауға, өмірде болып жатқан түрді отбасылық мәселелерді шешуге және талқылауға бағытталған тренингке қатысты. Аталған дәріс пен тренингті облыс бойынша «Бақытты отбасы» отбасылық соттар жанындағы отбасын қолдау орталығының үйлестірушілері ұйымдастырды.
Ал екінші бөлімде этникалық отбасылық дәстүрлерді білу, қатысушылар оқыту курсы кезінде алған білімдерін, психологиялық икемділігін және күрделі отбасылық мәселелерді шеше білуін саралау мақсатында түрлі сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады.
Жиырма жас отбасы бақ сынасқан бәсекеден нәтежиесінде I орын ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы филиалы» қоғамдық бірлестігінен Алиевтердің әулетіне бұйырды. Дәрежесіне сай мәреден бірінші көрінген отбасыға соңғы үлгідегі телевизор тарту етілді. II орын «Жамбыл облыстық «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінен Шабденбектердің қанжығасына байланды. Жүлделі орынға шаңсорғыш тұрмыстық техникалық құралы тарту етілді. Ал ІІІ орынды «Жамбыл облыстық «Коре» кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінен қатысқан жас отбасы елшіледі. Жеңісті жұп қысқа толқынды пешке ие болды. Қалған он жеті қатысушының жетеуіне белсене қатысқаны үшін ыдыс-аяқ жабдығы берілсе, он қатысушыға тоқпен қайнатылатын шәйнек тарту етілді. Сондай-ақ барлық қатысушыға сертификаттар мен дипломдар табысталды.
Марапаттау салтанатынан соң шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концертте «Үкілім-ай» би ансамблі, Жанболат Таласбай және «Болашақ» вокалдық триосы өз өнерлерін көрсетіп ән мен биден шашу шашты.
Пікір қалдыру