Екатеринбургтағы әлем чемпионатында 91 келіден жоғары салмақта бокстасқан Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдеге ие болды.
Отандасымыз өзбекстандық Боходир Жалоловқа жол берді.
Өзбекстандық боксшы бойшаң, қолдарының ұзындығының арқасында ара-қашықтықты сақтап, Қоңқабаевқа жақыннан соққы жұмсауына мүмкіндік бермеді. Десе де басымдық айқын болды деуге келмейді.
Қамшыбек Қоңқабаев осымен әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, өзбекстандық Боходир Жалолов кәсіпқой бокста алты жекпе-жек өткізген кәсіпқой былғары қолғап шебері.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша командалық есепте Өзбекстан бірінші орынды жеңіп алды. Жарыс иелері Ресей құрамасы екінші орынға жайғасса, үштікті Қазақстан еншіледі. Біздің құрамада 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль.
Пікір қалдыру