2020 жылдан бастап ШОБ қаржылық қолдау көрсету көлемін 30 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарлануда, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл туралы Kazakhstan Growth Forum 2019 жиынында қала әкімі айтты.
Алматы әкімінің сөзі бойынша, қазір қаланың барлық кәсіпкерлері үшін үлкен маркетингтік жоспар әзірленуде. Электронды базаның көмегімен кез келген бизнесмен өзі үшін қандай пайдалы шараның бар екенін біле алады.
Арнайы экономикалық аймақтағы «Инновациялық технологиялар паркін» басқарудың ағымдағы жағдайын бағалаған соң іс-қимылдың белсенді жоспары әзірленеді.
«Алматы үшін алда тұрған меже – бұл бәріміз үшін бір мезеттегі жаңа мүмкіндіктер. Қаланы, бизнесті және әлеуметтік жұмысты басқаруда бірегей шешімдер қажет», – деді Б. Сағынтаев.
Пікір қалдыру