Қазақстанның байлығын бүгінгі таңда 162 адам иемденіп отыр. Бұл туралы жұртшылықты «Альпари» агентігі хабардар етті,-деп жазадыдеп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бірақ олардың кімдер екендігі айтылмаған. Дегенмен онсыз да олардың бірсыпырасының есімі елге белгілі ғой. Сонымен, бүгінгі таңда кім қанша табыс алады?
- 326 322 адам (2,7 пайыз) жылына 10-100 мың доллар аралығында табыс табады.
- 42 301 адам (0,35 пайыз) жылына 100 мыңнан 1 миллион долларға дейін пайда табады.
- 5838 адам (0,35 пайыз) жылына 1-500 миллион доллар алады
- 162 адам (0,001 пайыз) Қазақстан байлығының 55 пайызын иемденіп отыр. Оның ішінде 112 адам бір жылда 50-80 миллион доллар табыс табады.
- 45 адамның пайдасы –80 -800 миллион доллар аралығында.
- 5 адам – 2 - 3 миллиард доллар байлыққа ие.
...Иә, бай-байға, сай-сайға құйып жатыр. Далаға кетіп жатқан қайран, Қазақстанның қазынасы...
Пікір қалдыру