ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың дерегін негізге алып.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғарғы лауазымға сайлануларымен құттықтады.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы тарихи тамырластық пен ортақ болашақ жайын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, ол үшін әлеуеттерінің зор екенін айтты.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бір-бірін өз мемлекеттеріне шақырды.
Пікір қалдыру