"Митингке шыққан аналар неге үй кезегіне тұрмайды?" (видео)

/image/2019/09/25/crop-18_1_531x708_10912573.jpg

Елордада митингке шыққан адамдардың әрекеті заңсыз. Өйткені бұл шеруге әкімдік рұқсат бермеген. Осы себепті қоғам тыныштығын бұзғандардың кейбірі ұсталды. Жергілікті билік өкілдері осылай дейді. Сонымен көшеде шу көтергендердің көксегендері не? Талаптары орынды ма?

Көшеге шығып ұрандатқандардың дені әйелдер. Талаптары – «бас қаладан баспана беріңдер!» Бірақ бұл заңсыз емес пе?! Ойлаңызшы, біреулер бірнеше жылдап үй кезегінде тұрады. Ал шерулетіп, шулағандар пәтерге ие бола қалады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Мысалы, бұл бір емес, төрт баланы тәрбиелеп отырған ана. Ұлының мүмкіндігі шектеулі. Отбасында жеті адам. Сол жетеудің бәрі көлемі небәрі 13 шаршы метр болатын мына бөлмені жалдап тұрып жатыр. 13 жылдан бері үй кезегінде. Енді көшеде шерулеткендерге кезектен тыс баспана беріле салса, әділдік бола ма? 

Баян Адиярова қала тұрғыны:

— 15 әйел мысалы митингке шығып, олар үй сұрап жатыр. Біз сияқты оларда очередке тұрсын. Ол заңсыз ғой. Біздің алдымыздан аттап үй алып кететін болса. Біз де міне 13 жылдан бері күтіп отырмыз. 

Мынаны қараңыз, осы кезге дейін көшеге шығып тегін баспана талап еткендердің дені тізімде болмай шыққан. Яғни үйді кезектен тыс сұрағандары ғой. Қит етсе «шеруге шығу» деген дағдыға айналып бара жатқан жоқ па? Абайша айтсақ, құр айғай бақырған, құлаққа ән бе екен? Тіпті биліктен баспана сұрағандардың басым көпшілігі еңбек етуге де құлықсыз.  Ұсынған жұмысты істегілері жоқ. 

Раушан Сәрсенбаева Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының президенті:

— Алматы қаласы бойынша біз 120 жұмыс орнын ұсындық. Нұр-Сұлтан қаласында да еңбек күші жетіспейтін кәсіпорындардың тізімін жасадық. Елордада 16 әйел ғана жазылды. Соның тек 3-уі жұмыс істеуге келді.  Бүгінде бас қалада ұзын ырғасы 47 мыңнан аса адам баспана кезегінде тұр. Мұның 3800-і көп балалы отбасы. Бұл санаттағы жанұяларға пәтер бірінші кезекте беріледі. Жалпы халықтың үй алуы үшін қазір бірнеше жаңа бағдарлама жұмыс істейді.  

Арманай Қабдешова қалалық әкімдік жанындағы «Тұрғын үй қорының»  баспасөз хатшысы:  

— Оның ішінде берекелі баспана бағдарламасы. Және де бақытты отбасы. 2 пайыздық несиемен беріледі. Бұлар көп балалы отбасылар, толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар отбасыларға арналған.  Ал митингке шыққан аналар неге үй кезегіне тұрмайды дейсіз ғой. Сөйтсе олардың кейбірінде пәтер бар екені анықталған. Немесе елордаға көшіп келгеніне үш жыл да толмаған. Әйтпесе кезекте тұрған отбасылар баспанаға ие болып жатыр.

Айталық, осы кезге дейін тек «Берекелі баспана» бағдарламасы арқылы 298 пәтердің кілті табысталып, Бақытты отбасы жобасымен 2 мыңнан аса азаматқа жолдама берілген.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар