Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бокстан әлем чемпионы атағын алып, қазақ елінің абыройын дүние жүзіне асқақтатқан Бекзат Нұрдәулетовты және оның бапкерлерін қабылдады. Жиын кезінде облыс әкімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып, құттықтауын жеткізді. Өңір басшысы Бекзат Нұрдәулетовке сәттілік тілей отырып, Ақтау қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Сондай-ақ, бапкерлерінің қосқан зор үлесін айрықша атап өтіп, Бекзатты кішкентай күнінен тәрбиелеген Жаңаөзен қаласындағы жаттықтырушысы Батырбек Жайлыбаевқа 3 миллион теңгелік сертификатты табыстады.
Ал, осыған дейін әлем чемпионы атанған Ердос Жаңабергенов, екі дүркін күміс жүлдегері атанған Әділбек Ниязымбетов сынды оғыландарды тәрбиелеген, Екатеринбург қаласында өткен додаға Бекзатты дайындаған қазіргі бапкері Марат Жәкиевке үлкен алғысын білдіре отырып, 5 миллион теңгенің сертификатын сыйлады.
Пікір қалдыру