Алматыда жазушылардың «Әлемді ашу – әлемге ашылу. Әдеби аударманың проблемалары және жазушылар байланысы» атты ІІ Халықаралық форумы өтуде, деп хабарлайды almaty.gov.kz сайты.
Алматы тағы да әдебиет туралы маңызды сөз қозғайтынорталыққа айналды. Форумға қатысушылар – Германиядан, АҚШ-тан, Англиядан, Түркиядан, Қытайдан, Монғолиядан, Ресейден, Марокка мен Литвадан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан және басқа елдерден келген жазушылар, публицистер, аудармашылар, әдеби сыншылар, суретшілер.
Қазақ ПЕН клубынының президенті Бигелді Ғабдуллиннің пікірінше, жемісті халықаралық байланыстар ұлттың мәдени жаңғыруының және дамуының маңызды шарты.
Форумның жұмысы «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасында айтылғандай, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған.
Пікір қалдыру