Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы нығая түспек

/image/2019/09/29/crop-59_5_618x824_138422287_15694543406181n.jpg

25 қыркүйекте Қытайдың мемлекеттік Xinhua жаңалықтар агенттігінің сайты "China, Kazakhstan reaffirm commitment to strengthening ties" - "Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасын нығайта түспек", - деп жазды. 

 Қытай парламентінің спикері Ли Чжаньшу 21-25 қыркүйек аралығында арнайы шақыртумен Қазақстанға келген болатын. 23 қыркүйек күні ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Кейіннен Қазақстан сенатының спикері Дариға Назарбаева мен мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллинмен кездесу өткізді. 

http://www.xinhuanet.com

Ли Чжаньшу өз сөзінде Қытай мен Қазақстан  арасындағы тұрақты  стратегиялық серіктестікті дамытып, болашағы зор байланыс құратыны жөнінде айтып өтті. Екі тарап та түрлі салаларда өзара ынтымақтастық орнатып, серіктестікті күшейтетіні туралы мәлімдеді. 

Екі ел алдағы уақытта энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, технология, білім беру, спорт, мәдениет және туризм саласы бойынша стратегиялық мақсатта келісімдерін жақсартатындары жөнінде сөз болды. 

Қазақстан Республикасының президенті Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан ылғида Қытаймен достық қарым-қатынаста болатынын және біздің ел үшін Қытайдың әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықта алатын орны ерекше екеніне атап өтті. 

Ли Чжаньшу екі елдің заң шығарушы органы қазақ-қытай арасындағы инвестицияларды қорғау туралы пактіні жаңарту керек екенін, кедендік ресімдеу және жұмысқа рұқсат беру рәсімдерін жеңілдету жөнінде мәлімдеме жасады. 

 Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйек күні Қытайға жасаған сапары кезінде  Қытай парламентінің спикері Ли Чжаньшу мырзаға: "Сіздің Қазақстанға үш рет келгеніңізді білемін. Жақын арада сіз Қазақстанға қайта барасыз. Бірақ бұл сапарыңыз Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің Төрағасы ретінде болатындықтан, оның жөні де бөлек болмақ. Біз сіздің сапарыңызды зор ықыласпен күтеміз", - деген еді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар