Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде "Нұр-Сұлтанда баяндамасын орысша оқи алмаған шенеунік ұятқа қалды" деген жаңалық жарық жылдамдығынан да тез тарап, түрлі сыни-пікірге ілінген еді.
Еуразия елдері парламентінің спикерлерінің IV жиналысы өтіп, оған Қырғызстан Жогарку Кенешінің өкілі Дастанбек Джумабеков қатысқан. Баяндамасын "орысша оқимын" деп біраз әуреге салынған қырғызстандық шенеунік Джумабековтың сол кездегі видеосы kaktus.media парақшасында жарияланып, желі оқырмандарының біраз талқылауына түскен. Оқырмандар «Біздің аудандағы жігіттер бұдан да жақсы сөйлейді», «Ана тілінде сөйлей бермеді ме екен? Босқа масқара болды», «Бұл шенеуніктен 5 сынып оқушысы жақсы оқиды» деген пікірлерін қалдырған.
Бірақ басты мәселе мынада: Орыс тілінде дұрыс сөйлеуге орыстан басқа ешкім міндетті емес. Осыны ұғайық!
Пікір қалдыру