Қазақстанның мұнайлы ел екендігі ақиқат. Расы керек, қазіргі кезде мұнай Қазақстанда барынша қуатты өндіріліп келеді. Мұнайлы елдің былайғы саладағы жетістіктері де жетерлік. Бірақ ескеретін нәрселер де бар. Ол–мұнай бағасының тұрақты өсуі немесе оның төмендемеуі деп білеміз. Сондықтан да қазіргі кезде Президенттің тапсырмасымен шикізаттық емес саланы дамыту көзделіп жатыр. Бірақ бір нәрсе ақиқат: Қазақстан ТМД елдері аумағындағы мұнай экспорттайтын негізгі елдердің біріне айналып отыр. Бұл факт. Ендігі мәселе, осыны ұтымды пайдалана білуіміз қажет. Бірақ қалай?
- Айта кету керек, Қазақстан нарығы осы уақытқа дейін мұнайдан немесе одан өндірілетін өнімдерден еш тапшылық көрген жоқ.
- Қайта сыртқы елдерге экспорттау көлемін ұлғайтып жатыр.
- 2018 жылы Қазақстанда мұнай өндірісі көлемі 90 миллион тоннаға жетті. Бұл әрине жоғары жағдай.
- Елімізде Атырау, Павлодар және Шымкентте үш мұнай өңдеу зауыты бар. Олардың біразы қайта жаңғыртылудан өтті. Ал мұның пайдасы өте үлкен.
- Осыған байланысты Қазақстан жыл сайын мұнай өңдеу көлемін 17 миллион тоннаға арттыруды жоспарлап отыр. Бұл әрине үлкен нәтиже.
- Сауд Арабиясындағы мұнай өңдеу объектілеріне шабуыл жасалғаннан кейін расы керек, әлемде «қара алтынның» бағасы шарықтап кетті. Бұл әрине мұнай экспорттаушы елдерге тиімді.
- Оның үстіне басқа елдермен салыстырмалы түрде алғанда, Қазақстанның географиялық жағынан орналасуында артықшылықтар бар.
- Атап айтар болсақ, біздің ел батысқа қарай ЕуроОдақ мемлекеттерінің нарығына, ал шығысында әлемдегі ең үлкен нарық Қытайға мұнай экспорттайды.
- Қазіргі уақытта еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының қайта жаңғыртылуының арқасында Қазақстан жанар-жағар май нарығында үлкен әлеуетке ие болып отыр.
- Осыған байланысты біздің үкімет шикізаттық емес экспортты 2025 жылға қарай екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.
- Бүкіләлемдік Doing Business-2018 банкінің рейтингі бойынша, Қазақстан 196 елдің ішінде 28- орында тұр.
- Ендігі міндет – жеке заңнаманы нығайту, сонымен қатар, инвесторларға қолайлы ұсыныс жасау. Бұл орайда Қазақстан инвестиция салуға ыңғайлы елдердің біріне айналып отыр.
- Жыл өткен сайын әлемде мұнай және мұнай өнімдеріне сұраныс арта түсуде. Сондықтан мамандардың бағалауынша, алдағы уақытта Орталық Азия аймағында мұнай өнімдеріне сұраныс артады.
Қалай айтқанда да, қазіргі кезде жанар-жағар май, мотор майлары мен көлікке қатысты басқа да шикізаттарға сұраныстың артып бара жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдайда Қазақстан мұнай және мұнай өнімдеріне экспортты арттырады.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстан тарапы ОПЕК келісімдерін адал атқарып отыр. Жалпы кез келген мұнай экспорттайтын ОПЕК-ке мүше мемлекеттер өз алдына міндеттеме алады. Мысалы, Қазақстан тәулігіне шамамен 1,86 миллион баррель болуы тиіс. Жалпы бұл міндеттеме алған кез келген елге тән. Бұл не үшін керек? Мұнай нарығын реттеу үшін. Олай болмаған жағдайда нарық бұзылады. Әр ел өз мұнайын шектен тыс өндіріп нарыққа сата беруі қисынсыз іс. Сондықтан ОПЕК алдындағы міндеттемені орындау да парыз. Бұл жолда Қазақстан адал экспортер екендігі бұл енді нақтылық.
Пікір қалдыру