Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, шаршы алаңдағы 40-жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жекпе-жек Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтті. 12 раундқа созылған кездесудің алғашқы раундында Головкин украиналық боксшыны нокдаунға жіберді. Қалған раунтарда кездесу салыстырмалы түрде өте жақын өтті.
Осылайша, GGG бір кездері өзіне тиесілі болған орта салмақтағы IBF және IBО титулдарын иеленді. Орта салмақтағы өзге WBC, WBA белбеулері мексикалық Канело Альвареске тиесілі.
Головкин аталған жекпе-жек қорытындысы бойынша 15 млн доллар, Деревянченко өзі үшін рекордтық сома 5 млн доллар табыс тапты.
Пікір қалдыру