ШҚО Көкпекті ауданында 942 ауыл шаруашылық құрылымы бар

/image/2019/10/06/crop-17_64_238x423_image-1533-2672.jpg

Ағымдағы жыл басынан бері ШҚО Көкпекті ауданындағы тау-кен өнеркәсібінде нақты көлем индексі 9,5 есеге артып, 576,0 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көкпекті ауданының әкімі Асхат Смаилов мәлім етті.

– 8 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 15 млрд. 360 млн теңгені құрады, өсу қарқыны өткен жылғы деңгейге қарағанда 104%. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімі 103 %, – деді Асхат Смаилов.

Брифинг барысында аудан әкімі Көкпекті өңірінде 942 ауыл шаруашылық құрылымы тіркелгенін атап өтті. Оның ішінде 923 (98%) жұмыс істейді.

Аудан аумағындағы 14 шаруашылық асыл тұқымды мал өсіріледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар