Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық, ал батыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында жауын-шашын болады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ауа-райының болжамына сәйкес, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Жамбылда тұман болады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысының Алакөл көлдерінің аумағында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды, БҚО-да оған тұман түседі. Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Түркістанның көп бөлігінде, Қызылорда қаласының шығыс жартысында, Жамбылдың солтүстік-батысында, Қарағандыдың батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Пікір қалдыру