Депутат Бәлиева ипотеканы алғашқы жарнасыз беруді ұсынды

/image/2019/10/07/balieva.jpg

Парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева 2 проценттік ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды, -деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "Бақытты отбасы" бағдарламасын қолға алды. Бағдарламада көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасыларға 2 проценттік баспана алуға қатысты несие қарастырылған.  Ол үшін алғашқы жарнасының 10 пайызын төлеу қажет. Жарна төлеуге көпшіліктің материалдық жағдайы келмейтіндігін ескере отырып, парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева 2 проценттік ипотеканың алғашқы жарнасын алып тастауды ұсынды.

Бүгінгі үкімет сағатында депутат:  «Мен өзім есептеп көрдім. Мысалы, жергілікті жерде 10 миллион теңгені 20 жылға алғашқы жарнасыз беретін болсақ, онда ай сайын 58 332 теңгені аудару керек. Ондай ақшаны кез келген отбасы төлей алады. Көпбалалы отбасы болсын, мүгедек баласы бар отбасы болсын, барлығы оңай төлей алады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында кредитке 15 миллион теңге берілсе, ай сайын 87 500 төлеу керек. Ол да қиын емес", -деп сөзін қортындылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар