Путин құжатқа 7 қазан күні яғни өзінің туған күнінде қол қойды.
Сондай-ақ жарлыққа сәйкес, премьер-министр Дмитрий Медведев, қорғаныс, ішкі істер, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай мен табиғи апаттардың салдарымен күрес министрлерінің, ФСБ директорының, Ұлттық гвардия басшысы, сыртқы барлау қызметінің директорының және тағы басқа жоғары құрылым басшыларының жалақысы 4,3 пайызға арттырылды. Осылайша, Путиннің жалақысы 11500 долларға (4,4 млн тг) жуықтады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жалақының жоғарылауын әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыс екенін айтты.
Путин туған күнінде Сібір тауларына, Алтайға я Туваға баруды әдетке айналдырған. Ресей президенті бұл жолы 67 жасын Енисей өзенінің аңғарындағы тайгада атап өтті.
Пікір қалдыру