Ақжол Қалшабек: Абайдан ұят, ұрпақтан ұят...

/image/2019/10/08/crop-61_1_268x357_abay_muzykasy-1.jpg

Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Сөзімізге тұздық қылғалы отырған туындының бірі – «Китаб тасдиқ».

Аталмыш шығарманың біз осы күнге дейін түпнұсқа мәтінін оқымай, тек аудармасымен алданып келіппіз. Былайша айтқанда, Мүрсейіт қолжазбасынан бермен қарай Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының түпнұсқасы қазақ оқырманына жетпеген. Тек қазақ тіліндегі тәржімәні місе тұтып, оны түпнұсқаға тең көріп жүре бергенбіз. Яғни, бақырды алтынға балағанбыз. Абай сонда «Китаб тасдиқ» шығармасын қай тілде жазған? Шағатай тілінде. Яки мұсылман-түрки, яки қадымша, яки китаби тілде. Бәрі бір нәрсе.

Қазақтың әдеби тілін түрлендірген Абай тек «Китаб тасдиқ» туындысын осылай өзгеше тілмен жазған. Себебі «Китаб тасдиқ» – көркем шығарма емес, ғылыми еңбек болатын.  Ал, шағатай тілі – бүкіл түрік жұрты мың жыл бойы қолданған ортақ тіл еді. Ғылыми һәм әдеби. Ол өрнекпен кезінде Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Иасауи, Насреддин Рабғузи, Сәйф Сараий, Қадырғали Жайлайырилар жазды. «Китаб тасдиқ» – осы күнге дейін бағы ашылмай келе жатқан туынды.  Оның бағы ашылуы үшін ең әуелі оның түпнұсқасы жариялануы керек қой. Түпнұсқа сонау баяғы архив сөрелеріндегі Мүрсейіт қолжазбасының ішінде шаң басып, жатып қалды. Содан бері шығарма А.Байтұрсыновтың жаңаша араб әліпбиімен де, кейінгі латын һәм кирилл алфавитімен де жарық жүзіне шыққан жоқ. Ал, біз оқып жүрген қазақша аударма туындыға өз аты қойылмай, осы күнге дейін «38 қара сөз» деген лақап атпен жүр. Өте ыңғайсыз ұят нәрсе екен. Абайдан ұят, ұрпақтан ұят.

Абайдың авторлық құқы әбден аяқ асты болып келіпті. Авторлық құқын даулап, сотқа жүгінетін Абай жоқ. Жә, ашынғаннан айтылып жатқан сөз.  Ештен де кеш жақсы деген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан ашылған «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы осы мәселеге өз үлесін қоспаққа талпынып отыр. Осы жолдар авторы осыдан төрт-бес жыл бұрын өзінің бір талапты шәкіртіне «Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының лингво-поэтикалық ерекшеліктері» атты дипломдық жұмыс берді. Ол шәкірттің аты-жөні – Әзімхан Исабек. Әзімхан қазір білдей магистрант. Ол өзінің дипломдық жұмысын сәтті қорғап, осы тақырыпты енді магистрлік диссертация  ретінде зерттеп жүр. Жақында ол белгілі арабтанушы ғалым Абдулла Жолдаспен бірге Абайдың «Китаб тасдиқ» туындысының траснкрипциясын  жасап шықты.

Жасап шықты деп айтуға ғана оңай. Бір жері өшіп, бір жері көгеріп, сарғайған парақтардан Абайдың әрбір сөзін, әрбір әрпін танып, оқып шығу оңайға түскен жоқ. Онша-мұнша оқылмаған тұстары да бар әзірше. Транскрипция М.Әуезовтің мұражай үйіндегі Мүрсейіт қолжазбасына сүйеніп жасалды (ЛММА. Кипр-1, №351). Қолжазбаны қолға түсіруге қол ұшын берген мұражай директоры Диар Қонаевқа айтар алғысымыз шексіз. Алда  атқарылар істер шаш-етектен. Сөйтсе де, осы бір маңызы елеулі жаңалықты ел-жұртпен бөлісуді жөн көріп, мәтінді жариялауға беріп отырмыз. Оқырман Абайдың тасада қалған туындысын оқып, рахаттанып, ләззәт алсын деген оймен. Ғасыр қойнауынан аршып алынған Абай атамыздың мұрасын бүгінгі ұрпақ тосырқап, жатырқамай қабылдайды деген үміттеміз. Кезінде атақты профессор Әуелбек Қоңыратбаев: «Абайдың ең қиын-қыстау ойларының бірі 38-інші қара сөзі. Бұған әзірге ешкімнің тісі батпай жүр» деген еді (Ә.Қоңыратбаев. Қазақ эпосы және түркология//Фараби және Абай. Ғылым, Алматы, 329 б). Бәлкім осы осы басылым тіс батырудың алғашқы баспалдағы болар.

Ақжол Қалшабек

«Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының

 аға ғылыми қызметкері   

 Абай

Китаб тасдиқ

    (транскрипциясы)

Ей, жүрәгімнің қуаты фәрзәнтләрім! Сізлерге адам ұғлының мінәзләрі туралы сөз язып, ядгар қалдырайын. Ықыласмәнән оқып, ұғып алыңызлар. Аның ушін махаббатының құлауы болып табылады. Махаббат – адамның адамнығы, ғылым, ақыл нәрсәләрмәнән. Мұның табылмақлығына сәбәплер бірінші хауас сәлим һәм тән саулық. Бұлар туысынан болады. Қалмысы өзгелерінің бәрі яхшы ата, яхшы ана, яхшы құрбы, яхшы устаздан болады. Талап, ұғым  деген мұхаббаттан йоғары (шығады). Ғылым-білімге махаббаттандірілмәк әлгі айтылған ушеуінен болады. Ғылым-білімні бала әуәл басынан өзі ізләніп тапмайды. Басында зорлықмәнән яки алдаумәнән үйір қылу керек. Үйрене келе өзі ізлегендей болғанша. Қашан бір бала ғылымны махаббатмәнән көксерлік болса, сонда ғана аның аты «адам» болады. Сонан соң ғана Аллаһ Таъаланы танымақлық, өзін танымақлық, дүниәні танымақлық, өзі адамшылығын бұзбай жәліб манфаъат, дәфғы мазарратларны айырмақлық секілді ғылым-білімні үйренсе болар деп үміт қылмаққа болады, болмаса йоқ, аның болмаса шала. Аның ушін көбінәсә балаларын жасында ата-аналары қиянатлыққа салындырып алады. Соңынан моллаға берген болады. Я ол балалар өзләрі барған...  һешбір баһра болмайды. Ол қиянатшыл балалар талапқа да, ғылымға да, устауға да хәтта иман иғтиқатқа да қиянатмәнән болады. Бұл қиянатшылар ярым адам, ярым молла, ярым мұсылман. Оларның адамлығының камалат тапмағы қиынның қиыны. Себебі: Аллаһ Таъала хақиқат йолы. Растлық хақиқатмәнән қиянатның дұшманы... шақыртмағанша дост келеді. Көңілде өзгә махаббат тұрғанда хақлықны тапмайды. Ғылым-білімі расқа, ақиқатқа құмар болып, һәр нәрсәнің түбін, хикмәтін білмәккә ынтықлық  бірлән  ...ырлады. Ол Аллаһның илімі емес, һәмманы біләтұғын  ілімге ынтықлық өзін адамға өзіндік илім береді. Аның ушін Аллаһның өзіне ғашықлық, Ғылым –  Аллаһның сифаты, ол хақиқат, оған ғашықлық, өзін  хақлық һәм адамлық дүр. Болмаса мал тапмақ, мақнан тапмақ, иззет-құрмәт тапмақ секілді нәрселернің махаббатынан ғылым-білімнің ақиқаты табылмайды. Мал мақнан, иззет-құрмәт адамны өзи изләп табылса, адамлықты бұзмайды һәм көрік болады. Егер де адам өзі оларға табынып изләсә тапқан, тапмаса да адамлығы йоғалады.

Енді хақиқат суиіп, шынды білмек құмарың бар болса, адамлыққа лайықлы ықыласлы құлағыңны қой. Әуәл дін исламның жолындағы бәнделер иманның хақиқатын білсін! Иман дегәніміз – бір ғана инанмақ емес, сен Аллаһ Таъаланың бірлігіне уа Құран оның сөзі екәндігіне уа Пайғамбар саллалаһу ъалайһи уәссаламның аның тарапынан елші екендігіне инандың, жә не бітті?... Сен Аллаһ Таъала ушін иман келтірәмісің? Сен иман келтірмәсәң де Аллаһ Таъалаға һешбір кемшілік йоқ еді. Өзің ушін иман келтірсең жә, инандың ол инанмақлығың құр ғана инанмақлықменен қылса, саған файда бермәйді. Аның  ушін сен өзің инанмақлығыңнан файдаланбадың, файдаланайын десең файда береді, кәміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек...  шамамен.

Сіз: «Әмәнту билләһи кәмәһуә би әсмайһи уасифатиһи» дедіңіз. Ол исімлар һәмма ал Аллаһ Таъаланың фиъыл ъазимларының атлары, олардың мағынасын біл һәм сегіз сифаты затияларына деген сөз кәміл үйрән. Өз денеңді аның құлы білсе, өзіңді сәлим ат қойып, тәслим болғаныңга раст боласың да, өз фиъылды содан...     ...туз, түн, шарт, құл... Аллаһ Таъалаға ұқсай алам ба деп надандықпәнән ол сөздән жиіркенбе, бірдейлік дағуасыменен емес, соның соңында болмақ. Аның ушін сифатлары: Хаят, Ғылым, Қудрет, Басар, Сәмиъ, Ирода, Кәләм, Тәкуин. Бұл сегізінен Аллаһ Таъаладағыдай  кәмелет, ъазамат бірлән емәс, болса да, бәндәсіндә уә һәр өз халынша бар қылып яратыпты. Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәрра атлас сифатымызды әуәл Аллаһ Таъаланың сегіз ұлұғ сифатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің атымыз сәлим бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сифатына сифатымызды һәм ол атлары бірлән ол ағламланған, фиъл Құдаға фиъылымызны ертпек несінен табылады? Аны білмек керек. Ол Аллаһ Таъаланың заты һешбір сифатқа мұқтаж емес. Бізнің ақылымыз мұқтаж. Йоғарыдағы жан білмес сифатлар бірлән таърифлап, танымаққа керек. Әгәрде ол сифатлар бірлән таърифланбаса бізге мағрифатулла қиын болады. Біз Аллаһ Таъаланы өзінің білінгәні қадар ғана білеміз. Болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикмәтіне һешбір хаким  ақыл иесі ерістіре алмады. Аллаһ Таъала – өлшәусіз, бізнің ақылымыз – өлшәулі. Өлшәулі бірлән өлшәусізні біләргә болмайды. Аллаһ Таъаланы  «бір» дейміз, «бар» дейміз, ол «бір»  демәклікте ақылымызға ұғымның бір тиянағы ушін айтылған. Болмаса ол «бір» демәклік те Аллаһ Таъалаға лайықлы  келмейді. Аның ушін мумкинатының ишинде не нәрсенің ужуді бар болса, бірліктен құтылмайды. Һәрбір хадискә айтылатұғын бір қадимге таъриф болмайды. Ол бір Құдай деген сөз ғаламның ишінде, ғалам Аллаһ Таъаланың ишіндә. Құдай табарака уа Таъала китапларда субутия сифатлар бірлән, уа тоқсан тоғыз Асмаи хүсналары бірлән білдіргән. Бұларның һәммасы... затия, субутия, уа фиъиля сифатлары дүр. Мен мұнда сізләргә төртеуін білдірәйін. Оның екеуі: Ғылым, Құдірәт, Сегіз сифаттан қалған алтауы бұларға шарх. Ол алтауының бірі – Хаят яғни тірілік. Алланы бар дедік, бір дедік. Ғылым, құдірәт сифаты бірлән сифатладық. Бұл бірлік, барлық Ғылым, Құдірәт... әуәлдә боларлық нәрсәләр мі? Әлбәттә, ғылым құдірәті бар болуы, хаят...   яғни қаламақ, ғылым бар болса, қаламақ та бар. Ол һеш бірнәрсе... әуәл ғылымның бір сифаты: Кәләм, яғни сөзләгуші дегән иөз һаріпсіз, дауыссыз... сауытсыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдірәтұғын қудірәті янә Басар, Самъ, Көручі, Естучі деген. Көрмәгі, есітмәгі бізләр секілді көзменен, құлақменен емес болатұғын нәрсәләрін көргендей, ешткендей болатұғын  ғылымының бір сифаты, бірі – Тәкуин, яғни барлыққа келтіручі дегән сөз. Егер барлыққа келтірмәгі бір өз алдына сифат болса Аллаһ Таъаланың сифаты өзіндей қадим әзәли һәм әбәди бұларда һәмишә  барлыққа келтірудән босанбаса, бір сифаты бір сифатынан үлкен я кіші боларға ярамайды. Олай болғанда ғылым, қудірет сифатлары секілді босанбай һәр уақыт яратуда болса, бір ықтиярсызлық чығады. Ықтиярсызлық Аллаһ Таъалаға лайықлы емес. Аның барлыққа келтірмәгі қудретіне ғана бір шарһ. Бұл ғылым, қудірет екі сифаты бірлән, сегіз сифат бұзылмаснан тугел болады. Ол ғылым қудіретте ешбір ниһаятсыз, ғылымында ғафләт қудіретінде епсізлік янә нашарлық йоқ. Сониън санъатына қарап білесіз. Бұл көзгә көрілгән, көңілгә сезілгән ғаламды қандай хикмәтмән яраштырып,  қандай қудірәтмән орнастырған һеш адам баласының ақылы йетмейді, бірақ бәндәсіндә ақыл хүкімчі, ғайрат, қуатменен қызмет қылучы, болучы еді. Соған қарап ойлайсыз: Аллаһның сифатында солай болмауы тиіс. Бірақ әуәлдә айтқанымыз Ғылым, Қудірет бізнің ұғуымызға  ғана екі қисап болмас, бірақ Ғылымна Қудірет болуға тиіс. Олай болмаса сифатлар өз орталарында бірі – тәбиғ, бірі – матбуғ болады. Бұл болса, таъриф Раббыға ярашмайды. Сегіз сифат қылып янә ол сифатларына ла ғайру уә лә һуә болып, бұлай айтуда, бұлардан бір өз алдына жамағат яки жамиъат чығып кетеді. Бұл болса келісмейді. Әгәрде сифатларына һәрбірін басқа-басқа дегенде, көп нәрседен жиылып иттифақменен Құдай болған болады. Бұлай деу батыл, бір ғана қудірәт бәндеден болған қуат, қудірет ғылым ақылдан басқа болатұғын еді. [Һашия:Язылмай болса да, Аллаһна болған Қудірет, Ғылым һәм Қудірет һәм Рахмәт]. Сегіз сифат ичинде язылмаса да һәм Аллаһ Таъаланың Рахман, Рахим, Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Рәззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімләріне бинъан бір ұлығ сифатынан қисаплауға ярайды. Бұл сөзіме нақлия дәлелім – йоқарыдағы язылған Аллаһ Таъаланың есімләрі, ақылия дәлелім Құдай Таъала бұл ғаламны ақыл етмейтұғын келісіммен яратқан, анан басқа бірінен бірі файда алатұғын қылып яратыпты. Жансыз яратқанларынан файда алатұғын, жан иесі хайуанларны яратып жанлы хайуанларынан файда алатұғын ақылы инсанлыны яратыпты. [Һашия:Жансызларны, хайуанларны яхшы да жан иесі бұ хайуанларны адам баласын асырайтұғын етіп, махшарда сұрау бермәйтұғын қылып, енді бұларның һәммасынан файда аларлық ақыл иесі қылып, яратқан]. Адам баласынан махшарда сұрау берәтұғын қылып яратқандығында  һәм ъадаләт һәм махаббат бар.  Адам баласын құрт, құс, өзге хайуан сифатында яратмай бұл гүзәл сифатта қылып, екі аяққа бастырып, басын йоқары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып, өзге... тамақты өз басымен алдырмай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет қылдырып, аузына ас бергенде не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, иісін алып ләззатланғандай қылып, ауыз үстіне мұрынды қойып, аның үстінен тазалығын байқарлық екі көз беріп, зарардан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарны жауып тұрарлық қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп жузіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмаққа, біреуі ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп яратмақлығы махаббат емес пе? Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе? Ақыл көзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт шығарады екен. Ол бұлтлардан яңбыр жауғызып, жер жүзінде неше түрлі дәндерді өсіріп,  ...ларны өндіріп,  көзге көрік, көңілге рахат, гүл-бәйшешекләрні, ағаш-япрақларны, қант-қамысларын өндіріп нешә түрлі нәбататларны өстіріп, хайуанларны сақтатып, бұлақлар ағызып, өзән болып, өзәндер ағып дария болып, хайуанларға, құсқа, малға сусын, балықларға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, нанын, гүлләр гүлін, құслар жүнін, етін, жұмыртқасын, хайуанлар етін, сүтін, күшін, көркін, терісін, сулар балығын, балықлар икрасын, һәтта ара балын, балауызын, құрт-жібегін, ипәкін – һәммасы адам баласының файдасына жасалып, һешбірінде бұл менікі дерлік бірнәрсе жоқ, бәрі – адам баласына таусылмас азық. Миллон хикмәтмән жасалған машина, фабрика адам баласының рахаты, файта ушін ясалса, бұл ясаушы сүйгәнлігі емес пе? Кім сені сүйсе, оны сүймек қарыз емес пе? Адам қанағатсызлықменен бұл хайуанларның тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малны адам баласының өзінің қорғанына қорғалатып, өзге хайуанларна бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін екі аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып һәм һәрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде кішкене уақытында шафқат сиқыры бірлән бастарын байлап, қамқор қылып қоймақлығы, адам баласына өсіп-өніп, теңдік... емес, бәлки адам баласының үзілмес нәсіліне, таусылмас азық... Жә, бұл хикметлерінен һәммасынан һәм мархабат һәм ъадалат һәм заһир тұр екен. Біз ортамызда... иманның шартынан хисап қылмаймыз. Аның ушін сәлим болғаның да Аллаһқа тәслим болғаның да...  аның йолында болмақ еді. Болғанымыз қайсы? Бұл екі ай менен күннен артық...  Аның һешбірінде қарар қылмаймыз. Өзгелерде болғанын жек көрмейміз...  қиянатшылыққа бар қарар тұрған адам я мұсылман емес, ең болмаса...

Аллаһ Табарака уа Таъаланың бәнделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тафаккару фи аълә илләһи, Инналаһа йухиббул муқситин» деген аятларға һешкімнің ықылас пен ықылас көңілімәнән ғылымы жетіп, құптағанын көргенім жоқ. «Әтәмурун әннәсә билбирри уәхсину инналаһу йухиббул муқсинун, уәлләзинә әмәну уәғамилу солихати уәләйнә асхабул жәннәти һәм фиһа халидун» деген аятлар құранның іші толған «ғамалус салих» не екенін білмейміз. «Уә әммаллазинә әману уағамилус  салихати  фәйуәффиһим  ужурәһум уаллаһу лә иухиббуз залимин» аятына қарасаң, ғамалус «ғамалус-салих» залымдықның зидды болар. Олай болғанда ъадәләт, рифқат боларға кімде-кімнің ъадалаты жоқ болса, оның хаясы жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген пайғамбарымыз саллалаһу ъаләйһи уәсәләмнің хадис шәрифі «лимә лә хая ләһу лә имана ләһу» деген дәлел дүр. Енді белгілі ки иман құр инаныш бірлән болмайды. Ъадәләт уа рифқат бірлән болады. Ғамалус-салих ъадалатлі уа мархаматлы болмақ, күллі тән бірлән қылған құлшылықларының һешбірі ъадалатні, мархаматны бермейді. Көзің күнде көреді, намаз оқушы, руза тұтқуларының не һәләтта екенлікләрінің оған дәлел керек емес. Бәлки ъадәләт –  барша ізгілікнің анасы дүр. Инсаф, ұят осы ъәдәләттан чығады. Аның ушін ъадәләтлі адамның көңіліне келеді: мен өз көңілімне хұлық-мінімнен сондай-мұндай қылықларынан  ...се мұъамалә қылса екен деп ойлап тұрып, өзім сол қылықларыменен мұъамәлә қылмағлығым жарамайды ғой деп, ъадәләт һәм инсафта емес пе? Ол һәмма жақсылықның басы емес пе? Жә, ойлаған кісі...  шүкірі неге ойламасын?

Шәкірліктен ғибадатның бәрі туады. Енді ъадаләттан, шафқаттан босанбаңнар. Егер босансаң, иман да арамлықта һәммасы босанады. ...софының бір фәрдәдән йуз фәрдә бижай дегені басыңа келәді. Енді бізнің... бойынша Құдай Таъала Ғалымлы, Рахымны, Ъадәләтлі Қудірет еді... сифатланбақ, иждиһадін шарт еттің, мұсылман болсаң...  жәуанмәртлік үш хислат бірлән болар деген: сиддық, кәрам, ақыл – бұл үшінден сиддық ъадәләт болар, кәрам шафқат болар. Ақыл мағлұм дүр, ғилмнің бір аты екәнлігі болар, һәр адамның бойында Аллаһ Табарака уа Таъала тәхмин бар қылып яратқан, бірақ оған риуаж беріп гүлдәндірмәк бәлки адам өз халынша кәмалатқа йеткізбек жәһәтінде болмақ болар. Өз иждиһәдің бірлән ниет халс бірлән ізленсең ғана беріле тұрған нәрселер, болмаса йоқ. Бұл айтылмыш үш хисләдінің иелерінің алды – пайғамбарлар, анан соң әулиелер, анан соң хакимлер, ең ақыры – кәміл мұсылманлар. Бүл уш түрлі фиъыл Құданың соңында болмақ, өзін құл біліп, бұл фиъыллерге ғашық болып, тұтынбақны пайғамбарлар үйретті, әулиелер ұқты, ғашық болды, бірақ ухрауи файдасын ғана күзетті. Ғашықлықлары сол халаққа жетті-ки, дүнияны, дүниядағы тиерлік файдасын ұмытты. Бәлки хисапқа алмады. Хакимләр дүнияда табатұғын файдасын сөйледі.... көзімен қарағанда екісі де бірінен-бірі көп жырақ кетмейді. Аның ушін һәрбірі айтуы басқаша болса да, Аллаһ Таъаланың санаъатына қарап, пікірләнбәкті екісі де айтты. Пікірләнмәк  соңы ғибратләнмәк болса керек. Бұл ақыл, ғылым һәр екісі де өзін хисапланмақны зұлымнықны адам өзіндей адамны алдамақны жек көреді... Сөйтіп екісі де мархаматлы уа шафқатлы болмақны айтып бұйырды-лар. Бұл раһим болса керек. Менің ойыма келеді: бұл екі тайпа һәр кісі өзләрінә бір түрлі нәфсісін фида қылушылар, яғни бәндәлікнің кәмалаты әулиялік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүния... дүния ойран болса керек. Бұларны кім асырайды, малны кім бағады?... киізні кім тоқиды, астықты кім егеді? Дүниедегі Аллаһның бәнделері....  кім іздейді? Харам, мәкруһы былай тұрсын......... қуатың бірлән ижтиһадің, ақылыңменен тауып, рахатын көрмегенге бола жаратқан... ниғматларына анық ...андын көрмәк хұзурға суық көз бірлән қарап, ескерусіз тастап кетпек ақылға да әдәпке бәлки инсафқа дұрыс ма? Сахиб ниғмәтіңә шүкірлігің жоқ болса, әдәпсіз бірлән гүнәһар болмайсың ма? Екінші, бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кетудің қаупі бар. Кафирлерге жем болып кетуден қайсыбір сабырсызы жолынан тайып, сабырменен бар қарар тұрайын дегәні олып кетселер керек емес пе? Әгәрдә бұл жол – ярым-яртыларына ғана айтылған болса, ярым-ярты раст дүниеде бола ма? [Хашия: Раст болса, һәммаға раст болсын, алалаған ъадәләт ма? Раст болмас па?] Олай болған ол жұртта ғұмыр жоқ болса керек. Ғұмыр өзі –  хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмәләт жоқ. Бірақ әулиелернің де бәрі бірдәй тәркі дүниә емес, ъашәрән-мубәшәрәдән хазіреті Осман, Абдуррахман ибн Ауф, Саъд ибн Әбууаққас ушәуі де үлкен байлар еді. Бұл тәркі дүниялық я дүния ләззатына алданып, иждиһадің...  деп бойына сіңбегенлік я хирс дүниялықтан аууамның көңілін суытпақ......... сабыр етіп, өзін фида қылып, мен жаныммен ұрыс қылғанда халық ең болмағанда...  ұрыс қылып һақстан һәрбір әрзуи нафстан суынып... махаббатына бар қарар болса... ма екен деген үмітмәнән болса керек. Олай болғанда... артық махаббаттан һисап. Бірақ бұл йол – бек четин, бек назик йол.... бар қарар тұрып ізләнгән ғана ісінің кәмәлатына йетмек. Бұл заманға надир... ғылымның да зоры, сиддық ғираттың да зоры махаббатның халлақына уа халық ғалам... табылмақ керек. Бұларның жиылмағы қиынның қиыны, бәлки фитнә болар... өзіне өзгечелік бермек, адам ұғлын бір бұзатұғын іс, һәрбір наданның... деп жургәні біз бұзылнық дегәнімен бір болады.

[Һашия:(«Әмәнту билләһи, уәмәләйкәтиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл қадари һоириһи уә шәрриһи минналаһи таъала, уәл баъфи баъдәл маут». Аллаһна, періштелерге иман келтіру, кітаптары рас, пайғамбарлары хақ, қиямат күні болмағы рас, жақсы, жаманлық тағдыры Аллаһ Таъаладан екеніне, өлген соң қайта тіріліп,  сұрау беретұғынымызға инану].

Хаким, ғалым... басқалар дүр. Дунияда ғылым заһири бар, олар айтылмыш язылмышларны нақылия деп те айтады лар. Бұл нақылияға жүйріклер ғалым атала лар, әмма Құдай Таъала һешбір нәрсені себәпсіз жаратмаған, бұны изәрләп «тафаккару фи аълә-илләһи» аятына сәйкес бұл санъаты Құдадан  изәрләп уа құмар болып, ғибрәтләнучләргә тыю жоқ, бәлки санъатынан сәбәбін білмекке құмарлықтан сониъына ғашықлық... Құдай Таъаланың затына бәндәсінің ақылы йетмесе, дәл сондай ғашықмын демек те орынсыз. Ғашық-мағшұқлыққа халик бірлән мақлұқ ортасы мунәсібәтін, Аллаһ Таъаланың бәндесін махаббат уа мархаматмәнән жаратқанын біліп, мұхаббатына мұхаббатменен ғана елжіремекні Құдаға ғашық болды дейміз. Олай болғанда хикмет Құдаға бәнде өз ақылы йетерлік қадар ғана білсәм деген һәр ісінің сәбәбіні ойлаушыларға хаким ат қойды лар. Бұлар хақ бірлән батылны айырмаққа сәбәбләрні білмәккә тырышалар... бірлән һәммәсы адам файдасы учун, күлкі түгіл дүниядағы түрлі ләззат бұларға екінчі... бір ғана хақны таппақ, һәр нәрсәнің сәбәбін тапмақ бірлән ләззатланады лар. Адасмай тура ізләнгән хакимләр болмаса, дүниә ойран болар еді. Фиъылы бәндәнің қазығы осы жақ... уа һәр нәрсе дүниәдә истихражы бірлән риуаж табады. Бұларның ісі көбі... лекін осы хакимларының жасаған, даратқан ісәрі – «Аддүния мәзраъатул аһиро», аһиретке егіндік болатұғын дүниә сол. Һәрбір ғалым – хаким емес, һәрбір хаким – ғалым...  да ғалымдар, хакимлар алдында ешкім емес, нақылиясы бірлән мұсылман иман тақлиди кәсіп қылады. Хакимләрінің ақылияты бірлән...... мурат мұсылман хакимләрі болмаса ғайридиннің... дүниянің адам ұғылы ғұмырының сырына иетселәр дә... диннің иманның жеті шартындағы бір Аллаһны танымақ... дін ұстаз......басшымыз Құданың елші пайғамбарымыз саллаһу ъләйһи уәсәләмнің:«хайрун нас ман ианфагуннас» деген. Хаким ұйқы, тыныштық, әуес-қызықның бәрін қойып, адам баласына файдалы іс шығармақлығына яғни электрияны тауып, асманнан жайды бұрып алып (аралықтағы хашия ақылын тауып жүргізіп) дүниенің бір шетінен қазір жауап алып тұрып отменен суға қайласын тауып, ...мыз... адам қызмәтләр ішләтіп қойып, тұрғанлығы, уа хұсусан адамның ақылы-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылны айырмақны ...лки жоқ...  барчасы нафиғлық болған соң, бізнің оларға минәттарымызға дау жоқ.

Бұл замананың моллалары хаким атына дұшман болады. Білімсізлік бәлки бұзық фиъыл инсан ғадуын лима хисап. Оларның шакіртларының көбі біраз араф-парсыдан тіл үйренсе, бір жарым болымсыз... үйренсе соған мәз боп, өзіне өзгешелік берем деп әурә болып жұртқа файдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасыл қылады. «Һай-һой» менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұларның көбі әншейін жәһил түгіл, жәһилләр кібік талап... келсе қазір инсафқа қайтсын һәм ғибратлансын. Рас сөзге...  ...мамақ не деген инсаф? Құр өзімшілдік һәрбір өзімшілдік.........  Расның бір аты – хақ, хақның бір аты – Алла, бұған қарсы қаруласқанша.... ...шлеуге керек. Мұндай фиъылдан куфр қаупі да бар. Ақырзаманна – бір жылдық, бір күн болар дегәнда сахаби-керамлар.... деп сұрағанда, аның фатуасын сол заманның.... бір ғибратланып қарасақ замана өзгеру бірлән.... қағида мағлұм болады. Бұл күндегі тахсилғулум ескі... жоқ болды. Соған қарай.........   ойланған. Мұндағылар узақ йыллар өмір өткізіп, ғалымны файдасыз ұзақ бахсләрмәнән күнін өткізіп, маъишат дүниәдән надан бір иссіз адам болып шығады да, һешбір һарекетқа лаяқаты жоқ болған соң адам аулауға салынады лар. Көбінесе бұндай иссізләрнің насиһаты да тәсирсіз болады. Дүниәнің мағмурлығын бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын...нің адамны хайуаландырып жіберетұғыны да бар. Бәлки, дүниәнің ғылымын білмей қалмақлық – бір үлкен зарарлы наданлық, ол құранда сөгілген.  Дүниәдә кімдә-кім өзіне өзгәшәлік бермек қасты бірлән малға мұхаббатын аударған, дүниәдә болмаса, ихсанда қолым қысқа болмасын һәм өзім біреуге тамғылы болайын деп мұхаббатын аудармай, ізгілікке бола, һалал кәсіп бірлән тапқан дүниә емес.....

Біз ғылымны сатып... ...нан емәсміз, мал бірлән ғылым кәсіп қылмақпыз. Һунәр өзі дә мал, һунәрні үйреткен..... бірақ ол һунәр ъадаләттан чықмасын,  шарғиға муафих болсын! Адамға халынша [һашия: ...жоғы іш, бірақ өзгәләрінің асанына сүйенбек дұрыс емес.][һашия:...йетер яки мұхал болар, адам аздырушылар адам түгілі дінге де зарарлы дүр. Бұлар...] Моллалар тұра тұрсын, хұсусан бұл замананың ишандарына бек сақ болыңдар! Олар – фитнә, ғалым бұлардан залалдан басқа ешнәрсе шықмайды. Өздәрі хүкімі, шариғатны таза білмейді, көбі надан болады......... тариқат біліп янә біреуні иеткізбәк дағуасына қылады лар. Бұлар....... сыбағасы емес, оларның сүйәнгәні – наданлар, сөйләгәні ялған дәлелләрі......... жоқ.

Енді біліңләр, ей фәрзәнтләр! Құдай Тағаланың жолы......... ниһаятсыз болады. Аның ниһаятына һешкім йетмейді. Бірақ сол жолға.... қадам басты, сол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде.........  ол жол Құданың жолы емес, ғаламнан жиылсын........... я ақылыңнан, я малыңнан ъадаләт шафқат секілді, біреулерге жақсылық тигізбек мақсұдың болса, ол жол –  Құданың жолы. Ол ниһаясы жолға аяғыңды берік басудың ниһаясы. Құдаға тақаруп хасил хас ізгі құлдарындан болмақ үміт бар. Өзге жолда не үміт бар, не бірәуләрінің һунәрі бар? Мақсуды киімін тузәтпәк болады да, мұнысын өзіне бір дәуләт болады. Бұл исларының бәрі – өзін көрсәтмәк, өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндәгі ақымақларға «бәрекелді» дегізбек. Осындай болар ма едік деп біреулер талапланар, біреулер осындай бола алмадық деп күйінер. Мұнан не файда шықты? Мұнша әурәләп сыртыңды бір сүйген қауымыңа ұзатарсың. Сыртқа қасият бітпейді. Аллаһ Таъала қарайтұғын қалбыңа, боямасыз ықыласыңа қасият бітеді. Бұл айнаға табынғанларының ақылы қаншалық өсер дейсің? Осы ақылы ол түпсіз терең жақсылықны сүймеклікменен өсер. Құдай Тағала дуниені ъиктыбарлықменен жаратқан екен. Һәм адам баласын өссін, өнсін деп жаратқан.......... жолындағы адамның талап қылып изленер, қарызлы исінің алды – әууәл дос......... көбейтмекнің табылмағы өзін өзгелерге қолыңнан келгенінше......... Аның аяғы һешкімге қас сағынмаслық өзіне өзгешәлік біреумен деп......... көрсетмәк мақсұдынан аулақ болмақ. Бұл өзін-өзі артық көрсетмәк екі түрлі: әуәлгісі – һәрбір жаманшылықның жағасында тұрып адамның.........  екіншісі – қастық қылмақ, құртылмақ, кемітпек...  өзін өзгеше тұтатын демектің түбі – мақтан. Түп жақтан һәрбір мақтан бір.........  бітіреді де күншілік күншілікті қозғайды. Бұл......... һәрбір көңіл тынышлығы көңілге талап салады. Күллі адам......... сонан қашмақ керек. Әуәлі – наданлық. [Хашия: кімге достлығың болмаса.......... бойын жимақлық бұл адамға нұр болады. Екінші, өзін өгешелікменен артық көрсетпек – адамдықтың нұрын бұзады.]

......... ғылым-білімнің иоқлығы дүниеде һешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсізлік – зиянлық болады. Еріншәклік күллі дүниядағы һунәрнің душманы. Талапсызлық, жігерсізлік, ұятсызлық кедейлікнің бәрі осыдан чығады. Залымлық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына душпан болса, адамзат болуыңны бір жыртқыш зиян хисабына қосылды. Бұларның емі, халлақына махаббат пен халқы ғаламға шапқат, қайратлы, тұрлаулы, ъадаләт ісінің алды артын байқарлық ғылым. Ол ғылымы Құдаға мұқтәди болсын. Яғни, Құдай Тағала бұл ғаламны жаратты, ерінбеді. Құдай Тағала келісіммен, хикметменен кәмәләтлы бір жолға салып жасауы, сізләрінің ішіңіздә бір жақсылықны бина қылып, арқа сүйерлік шеберлікмәнән болсын янә Құдай Тағала әрне жаратты, бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ишиңнән бір зарар шығып кеткендей болмай, көп пайда боларлық бір үміті бар иш болсын. Бұларсыз іс – іс емес. Бәлки бұларсыз тағатта – тағат емес. Белгілі ки Құдай Тағала Һешбір нәрсені хикмәтсіз жаратмады.... уә һеш нәрсеге  хикмәтсіз тәклиф қылмады. Бәрінің хикмәті бар, бәрінің сәбәбі бар. Бізнің ъауам былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға сәбәп, фарызларны білмекке иждиһат ләзім. Сізләр әрбір амал қылсаңыз, ізгілік деп қыласыз. Ізгілікке қасд етіп, ниет етесіз. Ниет аның фарызындан хисап. Пайғамбарымыз: иннамал-аъмал бин ниет. Енді ниет еттіңіз таһарат алмаққа, намаз оқымаққа,... бұл тағатларда ниетіңіз заһирынан қалып, ғибадатқа жетпеклігі кемчілік... болмағы ол аман болып, бұл заһир.... бұған фарыз болған. Сізнің заһирыңызнағы ғибадат.... сол иманның нұрланып тұрмағына көрік ушін емәс. Біреу, бірақ ізгі тағат бірлән нұрланады. Тағат... дегән..... егәр наданлар ол ғибадатның.........  сырын ескермей қылса, оны қылып жүріп, иманы сөнер деген. Менің қауфім бар, олар: хас осы ғибадат екен, Құданың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылманлық кәміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат күзетшісі еді. Я күзетші, күзеткен нәрсесінің амандығын ойламай бір ғана ояу тұрмағын қасд қылса, ол не күзет, күзеткен нәрсәсі қайда кетеді? Мақсұт күзәтілгән нәрсенің аманлығы, тазалығы емес пе? Ей, ишараттан хабарсызлар қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені – намаз, ол намаздан әуәлі таһарат алмақ, анан соң шұруғ қылмақ. Ол таһаратның алды – истинжа еді. Мұны бір берік ойлап тұр. Аяғы екі аяққа мәсіх бірлән бітуші еді. Бұлар һәммасы болмаса, көбі ишарат еді. Истинжада көтіңізді жуасыз, сізнің көтіңізнің ешкімге керегі жоқ еді. Аныңменен сөзімні тазалыққа кіргәнлігіңді кәміл ықыласыңны көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында халық көрер сыртымны да пәк етемін һәм көзге көрінбейтұғын ағзаларымны да пәк етемін, бұл пәклігімнің үстінле Аллаһна дұға етәмін деп хазірләнәсіз. Енді намазның аты – соләт, соләт – дұға мағынасында деген. Аяқта, мойында болған мәсхлар ол жумақ емәс. Өзләрі дә жуулы деп көрсетпек ишараты.

Намаздан әуәл құлақ қақтыңыз. Гарчи Аллаһ Таъаланы йоқарыда  деп мәнән исфат етпесең де, бегірәк сөз уа әдәпсіз болып гунаһ дариясына ғарық болуымыз яғни дүниесінә ғарық қылмай, қолымнан тарт, құтыларлық жәрдәмдерінің ишараты.

Онан соң қиямда тұрып, қол бағламақ, құл-қожа алдында тұрмақ...  патша алдында тұрғаннан артық Аллаһның қадірлілігіне.... иқрарының беріклігін көрсетпек ишараты.

Қиблаға қарау...  һешбір орын мүмкін емес болса да...  ишараты.   .........қаратып, ұшындағы дұғадан қабылыққа яқын болар ма екен деген ишараты. Аның соң қираъат, яғни сура фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар. Рукуғ, баш ұрмақ алдында Құда қазірге уқшаш ол да ишарат.

Сәжделер – әуәл жерден жаралғанына иқрары, екіншісі янә жерге қайтмағына иқрары, баш көтермегі янә тіріліп, сұрау бермегіне иқрарының ишараты.

Қағдаил аһирда ақырында Аллаға тахият, андан тәшәһһуд, андан салауат, пайғамбарымызға салауат айтмақ ушін аның ақыры сәләммәнән тауысасыз. Яғни Аллаһдан не тілеп дұға қылдыңыз, ол аның қазинасы күллі мұсылманды ортақтастырып оларға да сәләмәтін тілеп һәм рахмет тілеп бітіресіз.

Жә, бұл сөзден не ғибрәтләндің?

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар