Алматыда қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді

/image/2019/10/09/crop-20_58_359x639_02-10-19-alma.jpg

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Бақыт» декоративті-қолданбалы өнер орталығының менеджері, көрмені ұйымдастырушы Күнсұлу Әбдікәрім аталған шараның 4-6 қазан аралығында өтетінін хабарлады, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрме-жәрмеңке тақырыптық атаулар бойынша бір жылда төрт рет өтеді: көктемде – «Қызғалдақтар уақыты», жазда – «Жібек жолы», күзде – «Алтын алма» және қыста -– «Шығыс базары».

«Мұндай шаралар Орта Азия елдері арасында экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда үлкен маңызға ие. Алматы бір жыл ішінде бірнеше рет түрлі мемлекеттердің қолданбалы өнер шеберлерінің орталығына айналады», – деп атап өтті Орталық мемлекеттік музейдің баспасөз хатшысы Ақмарал Айдынбаева.

Жәрмеңкеге Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстан мен Түркменстанның, Өзбекстан мен Ресейдің және Грузияның шеберлері жасаған сыйлық және сувенир бұйымдар қойылады, олар: киім, панно, гобелендер, киіз бен теріден жасалған бұйымдар, тоқылған заттар, зергерлік бұйымдар, бижутерия және басқалары.

Ұсынылатын сувенирлік бұйымдардың негізгі тақырыбы – алмалар. Өйткені, алма – Алматының басты символы.

Декоративті-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары қатар өтетін болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар